Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел ағасы елімен қауышты - АРҚА АЖАРЫ

Ел ағасы елімен қауышты

Жылымды негізгі мектебінде жерлес жазушы Сарбас Ақтаевтың 80 жасқа толуына орай әдеби-шығармашылық кеш болып өтті.

Салтанатты жиынға мерейтой иесімен бірге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Қойшығара Салғарин,  «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, жазушы  Жұматай Шаштайұлы және  басқа да зиялы қауым өкілдері  қатысты.
 

Жылымды негізгі мектебінің аға тәлімгері Маржангүл Әзімжанованың ұйымдастыруымен өткен кеште Аружан Жылқыбай, Назерке Наурызбекова, Гауһар Орынбаева, Диана Роот, Мақсат Мұхамбетжан өз өнерлерін ортаға салып, әсем ән мен жырдан шашу шашты.  Ал, 9 сынып оқушысы Гүлнәр Бексұлтан «Мектебім –  алтын ұям» атты монолог оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжебай Тұрысбеков Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қайырбай Төреғожаның  мерейтой иесіне арнаған өлеңін оқыса, Арайлым Есжанова жерлес қаламгер Сарбас Ақтаевтың өмірбаяны мен шығармашылық жолына кеңінен тоқталды.
Арай САҚТАҒАНОВА,
Жылымды  негізгі  мектебінің  мұғалімі.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар