Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүгедектер жағдайы ескеріле бермейді - АРҚА АЖАРЫ

Мүгедектер жағдайы ескеріле бермейді

Облыс әкімі Сергей Кулагин азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, толғандырып жүрген мәселелерін шешуге назар аударды.

Жаны жабырқаған адамдар облыс әкіміне өздерінің мұң-мұқтаждарын айтып, жанашыр болуды сұрап келді. Осындай жандардың бірі – бірінші топтағы мүгедек Валерий Чернышов өзі тұратын тұрғын үйде мүгедектерге арналған пандустың жоқтығын алға тартты. Шынында да, бүгінгі біздің қоғамымызда мұндай санаттағы адамдардың барлығына бірдей жағдайдың  жасалмай отырғаны ащы да болсын шындық. Қарапайым пандус жолдың өзі мүгедектердің ащы айқайынан кейін ғана салынады. Сондықтан, өңір басшысы қала басшылығына мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін қозғалысы үшін  барлық жағдайды жасап, бұл мәселені шешуді тапсырды.

Осы күні әкім  қабылдауында болғандар негізінен, жұмысқа орналасуға, тұрғын үйдің бөлінуіне ықпал етуін сұрап, өтініш жасады. Сонымен бірге, қазіргі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында шешілмей жатқан мәселелерді тілге тиек етті.   Тұрғындардың көтеріп отырған бұл мәселелері де орынды. Өйткені, коммуналдық саланың жұмыс ырғағының бұзылуы өз кезегінде жылудың жүйелі берілмеуіне және ауыз сумен жабдықталмауына әкеліп соғады. Сондықтан, мұндай мәселелер облыс әкіміне жетпей-ақ, жергілікті жерде шешімін тапса, жөн болар еді. Бұған әр деңгейдегі әкімдер де барынша назар аударуы тиіс.
Сонымен бірге, облыс әкімінің қабылдауында болғандар басқа да мәселелер жөнінде өтініш жасады. Бұлардың барлығы бақылауға алынып, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар