Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мерейлі міндет - АРҚА АЖАРЫ

Мерейлі міндет

Бүгінгі таңда пошта байланысы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын маңызды салалардың бірінен саналады.

Дәурен РЫМЖАНОВ,
«Қазпошта» акционерлік қоғамы
Ақмола  облыстық филиалының директоры

Біздің қызметімізде қарапайым халықпен бірге, халық шаруашылығы мен мемлекеттік басқару органдары да кеңінен пайдаланады.  Қазіргі кезде Ақмола облыстық филиалы республикалық «Қазпошта» акционерлік қоғамы құрылымының белді бөлімшесі болып табылады. Филиал 13 аудандық, 2 қалалық пошта байланысы тораптарынан және 175 пошта байланысы бөлімшелерінен тұрады. Олар бес жүзге жуық елді мекендерге қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, облыстық филиалдың пошта бөлімшелерінде бір жарым мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жеткізу бөліміндегілер газет-журналдарды баспаханадан шыққан күні алып, аудандық пошта байланысы тораптарына автокөлік және темір жол арқылы жеткізеді

Жалпы пошта қызметінің тарихына келсек, ол сонау 1974 жылдың 9 қазанында Бүкілдүниежүзілік пошта одағы құрылған күннен бастау алады. Содан бері қазанның 9-ы  дүниежүзі бойынша жыл сайын Пошта күні ретінде аталып өтіліп келеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін, атап айтқанда, 1992 жылдың тамыз айынан бастап, біздің «Қазпошта» акционерлік қоғамы да осы одақ құрамына енген еді. Поштаның техникалық өрлеуі және дамуы сала жұмысына үлкен серпін әкелді. Пошта байланысы бұл күнде көптеген жауапты әрі маңызды қызметтер атқарады. Оның жұмысы қабылдау, өңдеу және әртүрлі пошталық жеткізулердің көптеген түрлерінен құралады.
Дәстүрлі қызметтерден басқа, пошта байланысы кәсіпорындары қаржылық және агенттік қызметтер ұсынады. Қаржылық қызметтер  салық, коммуналдық және тағы басқа да қажетті төлемдерді қабылдау, халықаралық пластикалық кәртішкені шығару, зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақыны төлеу, аударылымдар, жеке және заңды тұлғаларды депозитке қаржы салуға тартуға, Ұлттық компаниялардың акцияларын сату бойынша «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысушы болып табылады және брокерлік, трансфер-агенттік қызметін ұсынады. Пошта байланысы бөлімшелерінде банкілік есеп-шот ашуға, жаңа газеттерді, күнделікті қажетті тауарларды, лоторея билеттерін сатып алуға, сондай-ақ, басқа түрлі қызметтердің ақысын төлеуге де болады.
Сапалы әрі барлық қызметтерді тез ұсыну үшін қазіргі заманға сай озық техникалар қажет. Сондықтан, қазір пошта байланысының барлық тораптары және бөлімшелері компьютерлермен, қазіргі заманғы электронды таразылар, жаңа дизайнды хат жинайтын пошта жәшіктерімен қамтамасыз етілген. Біздің қызметіміздің халыққа жақындауы, пошта байланысы кәсіпорындары жүйелерінің кеңеюі, қызмет сапасының жақсаруы әрдайым бақылауда ұсталуда. Пош-та байланысы кәсіпорындары жүйелерін кеңейтуден, қызмет сапасын жақсартудан басқа, поштаны жеткізу ісі де ерекше бақылауға алынған. Пошталық құжаттамаларды, хат-хабарларды қысқа мерзім ішінде сапалы өңдеу мен жет-
кізу – біздің негізгі мақсатымыз. Бұл – облыстық филиалдың барлық  бөлімшелерінің күнделікті міндеті.
Бүгінгі күні біздің тиімді желілеріміз бен төмен тарифтеріміздің арқасында пошта қызметінің тұрғындар үшін қолайлы екені анық. Сол себепті, «Қазпошта» халықпен тығыз жұмыс істейтіндігін сеніммен айтуға болады. Алдағы уақытта да пошта нарығын нығайтуға, клиенттерге пошта қызметін жақындатуға, жұмыс сапасының жоғарылауына баса мән беретін боламыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар