Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абылай хан даңғылы – 1400 метр, Әбілқайыр хан даңғылы – 12100 метр - АРҚА АЖАРЫ

Абылай хан даңғылы – 1400 метр, Әбілқайыр хан даңғылы – 12100 метр

Жуырда Ақтөбе қаласында бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту мәселелеріне арналған медиа-форумда болғанымызда, қаланың өн бойына созылып жатқан Әбілқайыр хан даңғылының ұзындығы 12 шақырым 100 метр екендігін естіп білдік.

Бұрын бұл даңғылдың ұзындығы 11 шақырым 200 метр болған екен. Бертін көшелерге қайта жаңарту жұмыстары жүргізілгенде, тағы 900 метрге ұзартылыпты.

Осыны естігенде менің есіме өзіміздің Көкшетау қаласындағы бір тұтам Абылай хан даңғылы сап ете түсті. Келгеннен кейін қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне әдейілеп барып, ұзындығын сұрастырып білдім. Горький көшесінің бұрылысынан Т.Сүлейменов көшесіне дейінгі аралықты алып жатқан даңғылдың ұзындығы 1400 метр екен. Арасында түсінбейтін де жерлері бар. Айталық, осы көшенің бір тұсы Центральный шағын ауданы деп аталады. Ал, қаланы қақ жарып, Абылай хан даңғылына келіп қосылатын Горький көшесін алсақ, даңғылды ұзындығы жағынан бірнеше есе орап алғандай.
Ақтөбеде жүргенде-ақ, көңілімізге қаяу түсірген осы бір жағдай әлі де ойымыздан шығар емес. Батыста Әбілқайыр хан даңғылы 12 шақырымды алып жатқанда, біздегі Абылай хан даңғылы осылай шоп-шолақ қалпында қала бере ме екен? О, шіркін, білгендігіміз-ай!..

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар