Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ойын өрнегіміз түзеле бастады - АРҚА АЖАРЫ

Ойын өрнегіміз түзеле бастады

Арғы күні спорт арнасынан 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу сынында бір топта бастары қосылған Қазақстан мен Чехия құрамаларының ойынын тамашаладық.

Ұлттық құрамамыздың  бұрынғы ойындарында футболшыларымыздың алаңдағы жайбасарлығынан мысымыз құрып, кейде тіпті, аяғына дейін шыдауға құлқымыз соқпай, теледидарды өшіріп тастаушы едік. Бұл жолы олай емес, кездесуді соңына дейін бір деммен сүйсіне көрдік деуімізге болады. Юрий Красножан бұрын ұлттық құрамаларды жаттықтыруда көзге түсіп көрмеген бапкер болғанымен, үнемі бір адым ілгері басып, үш адым кейін шегініп жүрген Қазақстан құрамасымен аз уақытта біраз жұмыс тындырғанға ұқсайды. Лайым, осы өзгеріс уақытша ғана болмай, ұзағынан сүйіндірсін деп енді ойынның өзіне келейік. 

«Астана-Арена»  стадионындағы жанкүйерлер де бұл жолы командамызға риза болды-ау деймін, ойын аяқталған соң да, орындарынан кете қоймай, көтеріңкі көңіл-күйлерінен жазбады. Оның да жөні бар еді. Осы жолы бір-біріне допты дәл беруде, жандарын салып жүгіріп, қақпаны нысанаға алуда біздің жігіттер біраз ерледі. Кейде тіпті, техникалық шеберліктері де күткенімізден асып түсіп, айызымызды қандырып жатты. Рас, қақпамызға төрт доп жіберіп алып, өзіміз екі доппен ғана жауап бердік. Әлемдегі азулы командалардың бірі чех ойыншыларының мықтылығы сол, біздер жиі шабуылдап, қақпаға доп дарыта алмай, сілеміз қатып жүргенде, төрт-бес мүмкіндіктің бәрін де тиімді пайдаланып, гол соқты да отырды.
Осы жолы әсіресе, команда капитаны Таңат Нөсербаев бастаған өзіміздің  қазақ жастары өте жақсы ойын өрнегін көрсетті десек, артық емес. Осы беттерінен таймаса, бұл жігерлерінен нәтиже шықпай қоймайтыны көрініп тұр. Юрий Красножанға да рахмет, екінші таймда ойыншыларды алмастыру барысында алаңға тек өз ұлтымыздың ұландарын шығарды да отырды.
Егер біздің жартылай қорғаушылар мен
шабуылшылар қақпа алдындағы қаншама мүмкіндікті   дұрыс пайдалана білгенде, есеп тең түсуі немесе жеңіп те кетуіміз ғажап емес еді. Бірақ, Хижниченко сияқты шабуылшыларымыз жүз пайыз дайын голды соға алмай, қарнымызды аштырды. Қалай дегенде де, осы кездесуден кейін құраманың  ойыны түзелетініне ептеп сене бастағандаймыз. Бұл үмітіміздің қаншалықты ақталатынын 16 қарашада Түркия құрамасымен өткізілетін келесі ойын көрсетері сөзсіз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар