Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ақмола облысы әкімінің аппараты» бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды - АРҚА АЖАРЫ

«Ақмола облысы әкімінің аппараты» бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының бас маманы,  D-4 санаты.
Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 71750 теңгеден 96735 теңгеге дейін.  

Негізгі қызметтік міндеттері: Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы және ағымдағы жұмыс жос-парларын орындау. Өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты және азаматтық келісімді нығайту мен дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін орындауды ұйымдастыру. Қазақстан халқы Ассамблеясы және Ақмола ассамблеясы жөніндегі ережелерге сәйкес хатшылық қызметін ұйымдастыру-әдістемелік және құжаттамалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру. Ақмола ассамблеясының Кеңесі мен сессияларына тиісті құжаттарды және қаралатын мәселелерді дайындау, Ақмола ассамблеясының Кеңесі және сессиялары шешімдерінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру. Ассамблеяның алдағы және ағымдағы жұмыс жоспарларының орындалуына бақылауды ұйымдастыру, талдамалық, ақпараттық және әдістемелік материалдарды дайындау. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен Ақмола ассамблеясы мүшелерінің өзара байланысын жүзеге асыру. Облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы мүшелерінің қызметтерін үйлестіру, олардың мемлекеттік құрылымдармен, өз құзіреттілігінің аясында Ақмола ассамблеясының Кеңесімен және атқарушы хатшылығымен өзара байланысын қамтамасыз ету. Мемлекеттік құрылымдармен өзара қарым-қатынас жасау.   
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, білім беру саласында немесе әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде шетелдік жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссия-сын қалыптастыру қағидалары ережесі негізінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:
1) осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы қағидалардың 3-қо-сымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куә-ландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) белгіленген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама (№ 086/У);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
7) құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.
Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.
Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi.
Мемлекеттiк қызметшiлермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) куәландыра алады.
Әңгiмелесуге жіберілген үміткерлер оны Ақмола облысы әкімінің аппаратында үміткердің әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабардар еткен күннен бастап
5 жұмыс күні ішінде өтеді. 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру  «Арқа Ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде  соңғы жарияланған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күннің ішінде ұсынылуы қажет.
Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, анықтама үшін телефон нөмірлері: +7(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық
пошта: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар