Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы, соның ішінде 2014 жылы мамырда қол қойылған Серіктестік туралы негіздемелік жаңа келісім аясындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен әлемдік қоғамдастықтың алдында тұрған түрлі экономикалық сын-қатерлерді қарастырды.
Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік банк Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін, онымен біздің еліміз тәуелсіздік алған кезеңнен бері ынтымақтасып келе жатқанын айтты.
Қазақстан Дүниежүзілік банк тобына 1992 жылы қосылды. Сол уақыттан бастап, 41 жобаны жүзеге асыру үшін жалпы мөлшері 6,8 миллиард доллар ұсынған Дүниежүзілік банк еліміздің даму мәселелері жөніндегі ірі серіктесіне айналды.