Ақмола облысының әкімі Сергей КУЛАГИННІҢ құттықтауы
Құрметті халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!
Сіздерді Әлеуметтік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл кәсіби мереке осы жылдар ішінде тек ресми шара ғана емес, мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналды. Бүгінгі таңда Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Содан да болар, бізде әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің саны артып, мұқтаж жандарға әртүрлі көмектер көрсетілуде.
Қазір облыста үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің 28 бөлімшесі бар. 628 әлеуметтік қызметкер 2914 адамға қызмет көрсетеді, оның 2209-ы қарттар, 118-і мүгедектер мен қоғамның басқа да әлжуаз топтары болып табылады.
Сіздердің еңбектеріңіз еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір көрінісі.
Әлеуметтік сала қызметкерлерінің Үкіметтің отбасылық құндылықтарды дамыту және қорғау бағытында жүргізіп отырған саясаты мен оның нақты жемісін қарапайым халыққа жеткізудегі маңызы ерекше. Аталған саланың басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген, көмекке зәру қарттарға, жетімдер мен мүгедектерге қол ұшын созуға әзір жандардың қоғамымызда аз еместігінде.
Сондықтан да, адамдар бойындағы сенім, мейірім мен әділеттілік қасиеттерін одан әрі нығайтудың маңызы зор. Қажырлы еңбектеріңіз, кең жүректеріңіз, өзгенің қайғысына көз жұмып қарай алмайтын адалдықтарыңыз, ақжүректіліктеріңіз үшін сіздерге мың алғыс. Аман-сау болыңыздар, өздеріңіз жүректерінде сенім отын жаққан жандардың да ғұмыры ұзақ, өмірі шуақты болсын.
Құрметті халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі ұдайы даму үстіндегі қоғамымызға сіздердің қажырлы еңбектеріңіз өте-мөте қажет-ақ. Өздеріңіз жылдар бойы, әр күн сайын атқарып келе жатқан бұл жұмыс үлкен құрметке лайық. Әлеуметтік қызметкер – бұл тек кәсіп иесі ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бейжай қарай алмайтын мейірбан жан.
Халықты әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қорғау Елбасы мен Үкіметіміз жүргізіп отырған сындарлы саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан да, біздің елімізде қарттар мен аз қамтылған отбасыларды, мүгедектер мен балаларды қорғаудың нақты жүйесі қалыптасқан.
Осы бір қиын да қажетті мамандық бойынша тер төгіп жүргендіктеріңіз үшін шын көңілден шексіз ризашылығымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер.
Нина ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.