Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды - АРҚА АЖАРЫ

«Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

1. Бастапқы медико-санитарлық көмек және емдеу-профилактикалық қызмет бөлімінің басшысы,  D-O-3 санаты.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 84563 теңгеден  114032  теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басшылық ету. Халық денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік, өңірлік және стратегиялық жоспарларды әзірлеу және мониторингтеу бойынша жұмыстарды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Медицина саласындағы жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1)  мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі екі жылдан кем емес немесе  мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыс-тарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойын-
ша Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
4)  ғылыми дәрежесінің болуы.
2. Мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы,  D-O-3 санаты.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 84563 теңгеден  114032 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басшылық ету. Халық денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік, өңірлік және стратегиялық жоспарларды әзірлеу және мониторингтеу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Медицина саласындағы жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1)  мемлекеттік қызметтегі өтілі екі жылдан кем емес немесе  мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыс-тарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
3)  жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
4)  ғылыми дәрежесінің болуы.
3. Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы,  D-O-3 санаты.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 84563 теңгеден  114032 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Облыста педиатриялық, акушерлік-гинекология бейіндегі кәсіпорындар мен мекемелердің емдеу-профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Медицина саласындағы    жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1)  мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі екі жылдан кем емес немесе  мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыс-
тарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
3)  жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
4)  ғылыми дәрежесінің болуы.
4. Мемлекеттік қызметтер, лицензия-лау және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы,  D-O-4 санаты.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64060 теңгеден  86481 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Меншік нысанына қарамастан заңды және жеке тұлғалардың медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметін лицензиялау жөніндегі жұмысты жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:   Медицина немесе құқық сала-
сындағы жоғары білім. Нақты осы лауазымның санаты бойынша тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес мемлекеттік қызметте кем дегенде екі жыл еңбек өтілі бар болса, орта медициналық білімі барларға рұқсат етіледі.
5. Мемлекеттік сатып алу, құқықтық жұмыс және материалдық-техникалық базаны дамыту бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64060  теңгеден  86481 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Облыстың денсаулық сақтау ұйымдары бойынша күрделі жөндеу және құрылыс бойынша өтінімдері мен есептерін жасап, қабылдауды іске асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Экономика немесе бизнес немесе техникалық ғылым саласындағы жоғары білім. Нақты осы лауазымының санаты бойынша тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес мемлекеттік қызметте кем дегенде екі жыл еңбек өтілі бар болса, орта медициналық білімі барларға рұқсат етіледі.
6. Есеп беру, есепке алу және қаржыландыру  бөлімінің бас маманы.  D-O-4 санаты.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64060  теңгеден  86481 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Басқарманың аппараты бойынша бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру, «Журнал-главная» кітабын жүргізу. Басқарма бойынша еңбекақыны аудару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика немесе бизнес  саласындағы жоғары білім. Нақты осы лауазымның санаты бойынша тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес  мемлекеттік қызметте кем дегенде екі жыл еңбек өтілі бар болса, орта медициналық білімі барларға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесі  құжаттарды тапсырады:
1) Ереженің 2-қосымшасына  сәйкес нысандағы өтініш;
2) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы 3х4 мөлшеріндегі суретімен қоса толтырылған сауалнама;
3) Нотариалды бекітілген білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
4) Нотариалды бекітілген еңбек жылын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) Белгіленген үлгідегі (№086/У)  денсаулық жағдайы  туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы  азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) Құжаттарды тапсыру сәтінде маңызы бұзылмаған, шектеулі мәннен төмен емес нәтижесімен тестілеуден өткені туралы сертификат.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну  конкурс  комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылған осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)  куәландыра алады.
Сұхбаттасуға  жіберілген үміткер оны Ақмола облысының  денсаулық сақтау  басқармасында аталған байқау бойынша сұхбаттасуға жіберілетіні туралы хабарлама алған соң  5 жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсырылуы қажет.
Мекен-жайы: 020000,  Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев к., 1 а, 208 бөлме.  Анықтама телефоны: 25-19-94, факс: 40-27-73, электрондық пошта: Оblzdrav@kokshetau.online.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар