Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ғалым тағылымы - АРҚА АЖАРЫ

Ғалым тағылымы

Жақында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Қазбеков оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Оған ғалымның қызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова, медицина ғылымдарының докторы Жәмшит Темірбеков, SES профессоры Ятта Хайдельман (Германия), және тағы басқа зертеуші ғалымдар қатысты.
Он бір секция бойынша өткен ғылыми конференцияның пленарлық мәжілісін аталған университет президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Сағынтай Елубаев ашты.
Көкше жеріне Айтқажы Қазбековтың есімі жақсы таныс. Кезінде жер қойнауын зерттей жүріп қазақтың осы бір шұрайлы өлкесінің тағдыры үшін араша түскенін ешкім ұмыта қойған жоқ. Өзі қазақ ауылында жетім өссе де, орта мектепті үздік бітіріп, Ленинград қаласында жоғары білім алған еді. Оның бар саналы ғұмыры өзінің туған өлкесінде өтті. Ғылым жолын қуып, қаншама зерттеулер жасады. Бүгінде оның жемісін жерлестері көріп отыр.
Бұл алқалы басқосуда сөз алып, баяндама жасаған ғалымдар кезінде Айтқажы Қазбеков көтерген мәселелерді ортаға салды. әсіресе, экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жайы әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ. Ал, табиғаттың ластануы, туристік саланы дамыту және адам құндылығын дамытуда ақпараттық технологияның өрістеуі жайы да кеңінен көтерілді.
Ғалымның қызы Меруерт Қазбекова қиыр-қиырдан жиналған ғалымдар алдында сөз алып, әкесінің қызметі ғана емес, бүгінгі қазақ қоғамын толғандырған келелі мәселелер жайлы да толғақты ойлар айтты.
Бір жағынан бұл бас қосу аты танымал ғалымды еске алуға арналды. Өйткені, оның алдын көріп, ізін басқан шәкірттері де ұстаз еңбегіне үлкен баға берді. Сондықтан, «Қазбеков оқулары» осы саладағы ғылыми жаңашылдықты жалғастырудың жаңа қырларын да ашып, жаңа заманмен үйлесім тауып отырғанын паш етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар