Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ілгерілеп, даму өрісі - АРҚА АЖАРЫ

Ілгерілеп, даму өрісі

«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын ха-лыққа кеңінен түсіндіру жөніндегі рес-публикалық ақпараттық тобының жетек-шісі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары  Владимир Божко Ақмола облысында болып,  бірқатар өндірістік нысандарды аралап көріп, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Алдымен, облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровпен бірге «Тыныс» акционерлік қоғамына келген вице-министр Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауы мен 2050 жылға дейінгі ел дамуының ұзақмерзімді стратегиясының басым бағыттарына тоқталды.
Министрдің айтуынша, біріншіден, халықтың тұтас ойлау жүйесін қалыптастыру қажет. Екіншіден, ел азаматтарының әл-ауқатын жақсартуды осы қарқынмен жалғастырған жөн. Еліміздегі әр отбасының тұрмысы түзелмей, мемлекеттің  дамуы жайлы әңгіме айтудың өзі артық. Ал, Жолдау –  бұл жердегі біздің болашақ бағдарымызды көрсететін негізгі жол сілтеуіш.   Сөз соңында ол осы маңызды құжатты іске асыру бағытында министрліктің алдында тұрған міндеттерге де жеке-жеке тоқталды. Төтенше жағдайлар министрлігі бизнестегі кедергілерді алып тастау бағытында кәсіпкерлік нысандарына берілетін қажетсіз рұқсатнамалардың санын еселеп азайту үстінде. Қазір олар өрт қаупі аз мекемелерді тексеруді мүлдем тоқтатып отыр. Ал, «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында болған кезінде қазіргі жылу беру маусымына байланысты жағдаймен танысты. Ол мұнда қыстың қытымыр аязында тұрғындардың тоңбауы үшін барлық жағдайды қарастыру керек екендігін айтты. Бұдан кейін «Сары арқа» шағын ауданында жаңадан салынып жатқан өрт сөндіру депосында болған Владимир Божко  жұмыс барысымен танысты. Ағымдағы  жылы құрылысы басталған нысан  келесі жылы аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде.   Жобалық құны 1 миллиард 134 миллионды құраған депо бүгінде 41 пайызға дайын. 
Нысан құрылысымен танысқаннан кейін республикалық ақпараттық тобының жетекшісі Президент Жолдауының басым бағыттарын облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, сала ардагерлерімен «Достар» мәдениет үйінде болған  кездесуде  жан-жақты әңгімелеп берді.  Бұл жерде ол Елбасы жолдаған маңызды құжаттың білім беру саласына қатысты тұстарына тоқталды. Инженерлік білімді дамыту мен ғылымға негізделген экономикасы бар мемлекетке айналу – ұзақмерзімді стратегияның басым бағыттарының бірі. Олай болатын себебі, тек  ғылымы дамыған ел ғана әрқашан көш басында тұрады. Осы орайда, нақты үдеден шыға білген  Көкшетау техникалық институтының орны ерекше. Дәл осындай мықты база бола тұра, біздің өзгенің сапасыз техникасына иек арта бергеніміз дұрыс емес.
Институт төтенше жағдайлар органдарын техникамен қамтамасыз ету жағын ойластырғаны жөн. Себебі, оқу ошағы инженерлерді даярлайды. Сол жылдар бойы оқыған теорияны курсанттар іске асыруы керек. Инженерлік ғылым саласынан білім алып, бірде-бір ұсыныс айтпайтын өрт сөндірушілер вице-министрді ойландырып тастады. Бірден отыз курстық жұмыс алып, оған жетекшілік еткісі келетін оқытушылардың іс-әрекеті де ақылға сыйымсыз.
Мұның барлығы  біздің салалық ғылымның дамуын тежеп отыр.  Енді жағдайды түзету үшін төтенше жағдайлар қызметінің ғылыми мектебін ашқан дұрыс. Ал, біздің институт соған негізгі тіреу, басты базаға айналуы керек. Насихат тобының жетекшісі  бұл бағытта біз сала докторларын көп даярлауымыз қажет деген ой айтты. Яғни, офицерлердің ғылымға бет бұратын уақыты жетті.  Осы орайда, министрлік те қарап отырған жоқ. Шетелде тағылымдамадан өтуші құтқарушылар саны да баршылық. Бұдан басқа,  бүгінгі таңда 121 курсант ТМД елдерінің төтенше жағдайлар саласына кадр даярлайтын академияларында білім алуда.
Бұдан кейін Владимир Божко «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдады.  Қабылдауға бір топ тұрғынның өтінішін арқалай келген Сәуле  Қасенова  өздері тұратын Көкшетау қаласындағы Гете көшесінен суағардың қазылып жатқанына наразы екендіктерін жеткізді. Олар көрші көшенің тұрғындарын апатты жағдайдан сақтандыру үшін өздері тұратын тұрғын үйлер аумағына ағынды судың көптеп келетінін айтып,  арызданды. 
Шағымданбаған адамы, қақпаған есігі қалмаған тұрғындар «Судың астында қалып жатсаңдар, құтқарып аламыз!», − деген құтқарушылардың сөзіне де ашынып отыр.  Владимир Божко аталған жағдай бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Әбдіқалықовқа нақты тапсырма беріп, жергілікті биліктен жағдайды бақылауда ұстауды сұрады. Ал, «Подгорный» саяжайы иелерінің атынан келген аталған
саяжай кооперативінің мүшесі Сергей Гомозов  Шағалалы өзенінің аңғарында орналасқан саяжай телімдері су тасқыны кезінде зардап шегетінін айтты. Шағалалы су қоймасынан артық суды ағызған кезде өзен жиегіндегі саяжай аумағы судың астында қалады. Осы мәселені қалай шешуге болады деген сауалын жолдаған кооператив мүшесіне вице-министр аталған шаруамен облыстық ведомствоның айналысатындығын жеткізді. Осы орайда, Көкшетау қаласының тұрғыны Бибіғайша Темірханова өз үйін су ша-йып кеткенін, апатты жағдайда қалған тұрғын үй жайын  айтып, уақытша болса да, баспана беруін сұрады. Оған Владимир Божко бұл мәселе жергілікті әкімдіктің құзырында екенін айта келіп, өз тарапынан бұған қол ұшын беруге уәде берді.
Осылайша, Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында келген вице-министр Владимир Божко өңірдегі өндірістің өркендеуін де көріп, кемшін түскен әртүрлі мәселелерге де қанық болды. Әсіресе, қарапайым адамдарды мазалап жүрген мәселелер ұдайы назарда ұсталу керектігін жергілікті құзырлы органдарға айтып, тапсырма берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар