Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
қажетті салаларға қаржы бөлінді - АРҚА АЖАРЫ

қажетті салаларға қаржы бөлінді

Облыстық мәслихат депутаты Тұрлыбек Болатовтың төрағалығымен бесінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс  отыз бірінші сессиясы болып өтті.  Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков, облыстық мәслихаттың хатшысы Нина Дьячек қатысты.

Депутаттар алдымен,  57 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болған Көкшетау қаласының әкімі  Жомарт Нұрғалиевты бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұдан әрі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров былтырғы жылдың 13 желтоқсанында №5С-20-2 болып тіркелген облыстық мәслихат қаулысына  енгізілетін өзгертулер туралы баяндама жасады. Жылдың аяқталуына да аз уақыт қалды. Сондықтан да, бюджет қаражатын осы мерзім ішінде игеруге болатын салаларға бағыттау қажет. Атап айтар болсақ,  өңірдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға 346,9 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл қаражат Ақмол ауылындағы жаңадан салынып жатқан нысандардың құбыр және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жұмыстарын аяқтауға, сондай-ақ, Есіл қаласында  салынатын орталық жылу қазандығының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге, коммуналдық саланың басқа да өзекті мәселелерін оңтайлы шешуге бағытталады.
 Ал, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан  тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары мен инженерлік инфрақұрылымына  74,4 миллион теңге қарастырылуда. Ол қаржы облыс орталығының «Васильковка» шағын ауданының шетінде салынып жатқан жеті қабатты және  бұдан басқа, 45 пәтерлік көпқабатты үйдің құрылысын аяқтауға, Ақкөл қаласындағы жалға беретін көпқабатты үйге инженерлік жүйелер орнатып,  абаттандыруға бөлінді. Сондай-ақ, қазына қаражатының тағы бір бөлігі Көкшетау қаласында салынатын  неке сарайына, қаладағы «Юбилейный» стадионын жөндеуге,  спорт зал құрылысына, сонымен қатар, автокөлік құралдарын тіркеп, жүргізуші куәлігін беретін  мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысына,  Целиноград ауданының Қосшы ауылында  сумен қамту  жүйелерін  жүргізуге, осы ауданның Ақмол елді мекенінде 1500 орындық  ашық стадион салуға бағытталып отыр. Бюджеттен облыстық балалар ауруханасы мен Сандықтау ауданының Шаңтөбе ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны  күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге де біраз қаржы бөлінбекші. Қазынадан  бөлінетін қосымша қаражаттан ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау,  спорт, мәдениет пен ішкі саясат салалары да құр қалған жоқ.
Сессияда сондай-ақ, «Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық пен оны өткізу туралы» және аймақта абаттандыру жұмыстарын жүргізуге қатысты  облыстық мәслихаттың шешімінің күшін жоюға байланысты мәселелер бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының  басшысы Александр Мартыненко хабарлама жасады.  Ол өз сөзінде аталған өзгертулердің салалық министрлікте  қабылданған қаулылырға байланысты екендігін еске салды.
Бұдан кейін  денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,  білім беру, мәдениет және спорт саласында  ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандардың  лауазымдар тізілімін, облыстық ономастикалық комиссияның құрамын бекіту және  Степногорск қаласы мен Ақкөл, Ерейментау, Шортанды аудандарының әкімшілік-аймақтық құрылымы туралы облыстық әкімдік қаулысы мен  облыстық мәслихаттың шешіміне өзгертулер енгізу жөнінде  облыс әкімі аппаратының басшысы Талғат Бөлтенов баяндады. Осы орайда, облыстық мәслихаттың шешімімен Қасым Тәукеновке «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағы  берілгендігін де айта кету керек.  Сессияда қаралған мәселелер депутаттар тарапынан бірауыздан мақұлданып, оның әрқайсысы бойынша шешім шығарылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар