Тасты-талды ауылында Иран инвесторлары сыйымдылығы 120 мың тонна элеваторды қайта қалпына келтіруде.
Бұл жұмысқа 40 адам тартылған. Олардың ең төменгі жалақы мөлшері 40 мың теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асыру 2015 жылға жоспарланып отыр.
– Өңірге шетелдік инвесторларды тарта отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға мүмкіндік мол, – дейді аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаев.
Жарқайың ауданы.