Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
"Тыныс" – өндірісі өрлеген кәсіпорын - АРҚА АЖАРЫ

«Тыныс» – өндірісі өрлеген кәсіпорын

Елімізде қолға алынып жатқан  Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында пайдалануға берілген кәсіпорындардың өз өнімдерін шығара бастағаны көңілге қуаныш ұялатады. 55 жылдық тарихы бар  «Тыныс» акционерлік қоғамында да осындай жобалар іске қосылып,  тұтынушыларға сапалы өнімдер ұсынылуда.

 «Қазақстан-Инжиниринг» Ұлттық компаниясына қарасты «Тыныс» акционерлік қоғамының зауыты кеңестер дәуірінде оттегімен демалдыру аппаратын және ұшақ пен тік ұшақтың түрлі бөлшектерін жасады. Бүгінгі таңда да осы үрдіс жалғасып, өзге де жаңа жобаларды жүзеге асыру қайтадан жанданды. Зауытта әр түрлі диаметрлі полиэтилен құбырлары, өрт сөндіретін баллондар жасалып шығарылады. Бұл цех 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, мұнда орман мен ауыл шаруашылықтарының, «Қазақстан темір жолы» «Қазмұнайгаз», «Қазмұнайтранс» Ұлттық компания-
лары» акционерлік қоғамдарының, халықаралық «Шеврон» компаниясының және Қазақстан Рес-публикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша бөлшектер жасалады. Кәсіпорында жылына мың тонна болат, шойын, мыс, алтын сияқты өзге де металдарды балқытып, әр түрлі қалыптағы бөлшектер құятын цех пайдалануға берілді. Мұнда жасалған бөлшектер аздап қана өңделеді. Бұл цех экологиялық жағынан таза. Бұрынғы металл технологиясындағы топырақтың орнына пенополистройл қолданылады. Шикізат электр қуатын пайдаланатын сыйымдылығы 50 келіден 1 мың тоннаға дейінгі пештерде балқытылады. Құйылған бөлшектер Қазақстанның және шетелдердің бірнеше зертханаларында сынақтан өтеді. Өйткені, тапсырыс беретін әр компания өз беделдерінен айырылғысы жоқ. «Тыныс» акционерлік қоғамы президентінің орынбасары Дулат Өскенбаев өз сөзінде Семейдің танкі жөндейтін зауытына әскери техникалардың шынжыр табандарын жасауды көздеп отырғандарын, Қарағанды мен Петропавл қалаларында орналасқан компаниялардың тапсырыс-
тары орындалып жатқанын атап өтті.
–Темір жол кәсіпорындарына мыс пен жезден құйып, тұйықтандыру жүйесін жасап шығарамыз. Елбасымыз автокөлік жолдарының сапасына назар аударып отыр. Осы орайда, біз үлкен сұранысқа ие гетюксил шығаратын цех ашуды көздеп отырмыз. Бұл материалды жол сапалы болу үшін асфальттың астына төсейді. Қазір гетюксил Алматы мен Ресей қалаларының зауыттарында да жасалып шығарылады. Сондай-ақ, зауыт противогаз жасау жобасын игеруде. Бұған да тапсырыс артып отыр. Әзірше, арнайы цехты жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жобалар жүзеге асатын болса, тағы да жұмыс орындары ашылады. Жалпы, мұнда тоғыз негізгі цех және бірнеше қосалқы цехтар жұмыс істеп, көптеген өнім түрлерін жасап шығарады. Бірінші цехта шикізаттар дайындалады. Келесі екі цехта Ресей, Беларусь және Украин кәсіпорындарының тапсырыстары бо-
йынша ұшақ пен тік ұшақтың бөлшектері жасалады. Оны біздің за-
уыттан өзгелері жасап шығара алмайды. Тапсырыс берушілер жұмыс ақысын алдын ала төлейді. Заманның талабына сәйкес, аталмыш бөлшектерді жасау технологиясы да өзгерді. Қазір өнімнің сапасы мен бағасына жіті көңіл бөлінеді. Біздің зауыт «Алтын сапа» конкурсына ұшақ пен тік ұшақтың бөлшектерін қойса, жүлделі орынды иемденетімізге кәміл сенемін. Өйткені, бұл бөлшектер Ресей мен Қазақстанның ешқандай кәсіпорындарында жасалмайды. Бұл бізбен бәсекеге түсетін ешкім жоқ деген сөзді білдіреді. Дегенмен, біздің өнімнің сапасын тексеретін зауыттың техникалық бақылау бөлімі және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери мекемесі бар. Олар қабылдағаннан кейін өнім тапсырыс берушілерге жіберіледі. Осы екі цехта «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы тапсырған бөлшектер мен өрт сөндіретін баллон жасалып шығарылады. Мұнда токарьлық, фрезерлік, автоматтандырылған және өзге де станоктар жұмыс істейді. Сондай-ақ, бұл цехта бөлшектер боя-
лады, термиялық өңдеуден өтеді. Төртінші цехта әр түрлі диаметрлі полиэтилен құбыры жасалып шығарылады. Шикізат Ресей, Оңтүстік Корея және Араб елдерінен тасымалданады, – деп Дулат Өскенбаев  бізбен әңгімесін одан әрі жалғастырды.
Қазақстанда  полиэтилен құбырын жасайтын елуден астам зауыт жұмыс істейтін көрінеді. Осы орайда, бәсекелестік те тым жоғары. Сондықтан, әр кәсіпорын өз өнімінің сапасына ерекше назар аударатын көрінеді. Бесінші балама цехта өзге цехтардың қажетті құрал-жабдықтары жасалады. Мұнда өзге де тапсырыстар орындалады екен. Алтыншы цехта бөлшектерге қажетті ағаш бұйымдары дайындалады. Жетінші цехта қазіргі заманғы технологиямен әр түрлі металл балқытылады. Ал, 8-ші цехта асфальт астына төселетін гетюксил матасы жасалса, тоғызыншы цехта брондалған желет шығарылады екен.
Халық шаруашылығының әр түрлі саласы үшін өндірістік-техникалық бағытта түрлі өнімдер шығаратын зауытта өндіріс көлемінің артуы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың жақсаруы және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жұмысшылар санының да өсуіне игі ықпал етті. 2011 жылы за-
уытта бес жүз адам жұмыс істеп, екі миллиард теңгенің өнімін жасап шығарса, қазіргі уақытта адамдар саны тоғыз жүзге жуықтады.  Оның үштен бірі инженерлік-техникалық еңбеккерлер болса, қалғаны жұмысшылар екен. Бүгінгі таңда шығарылған өнімінің көлемі 7 миллиард теңгені құрап, соңғы үш жылдың ішінде 2 миллиард теңгенің таза кірісі түскен көрінеді. Он бір ұлт пен ұлыстың өкілдері еңбек ететін ұжымның 17 пайызы отыз жасқа дейінгі жастар. Бүгінде жұмысшылардың орташа еңбекақысы 116 мың теңгеден асады. Оған қоса кәсіпорын түскі ас құнының жартысын төлеуді өз мойнына алған.
   Бүгінде токарь, фрезерші, слесарь және тағы басқа мамандық бойынша еңбек ететін жұмысшылардың жасы ұлғаюына байланысты бұл кәсіпке жастарды тартып, кадрлық құрамды жаңарту мәселесі кәсіпорынның өткен жылдардағы ұжымдық келісім-шартына енгізілген еді. Оның орындалуына  миллиондаған теңге жұмсалыпты. Зауыт жұмысшыларының балалары жоғары және орта техникалық оқу орындарында жұмыс берушінің есебінен оқиды. Жас отбасыларға, 35 жасқа дейінгі еңбеккерлерге, зауытта 5 жылға жуық жұмыс істейтін тұрғын үйлері жоқтарға, сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалар тәрбиелеп отырған 40 жасқа дейінгі жесірлерге қайтарымсыз материалдық көмек көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған Жолдауында кәсіби білім беруді жетілдіру қажеттілігі жөнінде салиқалы сөз болды. Осыған байланысты зауытта адам ресурстарын басқаруды ұйымдастыру бойынша жұмысшылар мен инженерлік-техникалық мамандарды  тиімді саралау жұмысына бағыттайтын бірқатар шаралар жасалып отыр. Осының бәрі зауыт шығарған өнімнің сапасына көп әсерін тигізеді. Бүгінгі күні кәсіпорын өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін тұрақтандырып, үш жылдан бері кіріспен жұмыс істеп келеді.  Кәсіпорын «Мерей» конкурсында «Әлеуметтік жауапкершілік бренді» аталымын, «Парыз» конкурсында «Алтын жас» аталымын жеңіп алды.
Бүгінде облыс өнеркәсібінің көшбасшысы болып отырған «Тыныс» акционерлік қоғамындағы атқарылып жатқан осындай игі істердің бәрі ел тәуелсіздігінің арқасында келген жетістіктер екендігі анық. Қол жеткен табыстарға тоқмейілсімей, алдағы уақытта бұдан да зор биіктерге көтеріле береді деген сенімдеміз.

Суреттерде: «Тыныс» акционерлік қоғамында шығарылатын өнімдер.

Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар