Ауданда жаңа кірпіш зауыты салынбақшы.
Жақында осы мақсатпен оңтүстік өңірден келген «Комби-строй-1» және «Агро-V» компаниялар тобының өкілі Мерекебек Баратов келісімді растады. Жобаның құны – 1 миллиард 200 миллион теңге.
– Сонымен қатар, компания басқа салаларға да инвестиция салуға ынталы, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин.
Целиноград ауданы.