Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар көп іске дәнекер бола алады - АРҚА АЖАРЫ

Жастар көп іске дәнекер бола алады

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жастар бірлестіктерінің жұмысын жандандыру мәселесі қаралған мәжіліске кеңес мүшелері, облыстық ведомстволар мен басқармалардың, жоғары оқу орындарының басшылары және  жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Аталған кеңестің негізгі мақсаты жастардың өзіндік ұстанымын қалыптастыру, облыстың қоғамдық-саяси және әлеуметтік экономикалық өміріне қатысуға мүмкіншілікті кеңейту болып табылады. Әсіресе, жастардың қоғам өміріне етене араласып, олардың саяси көзқарастарын қалыптастыру бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Сондықтан, бұл жиын барысында облыс жастары бірлестіктерінің қазіргі аяқ алысы қандай деген сауал төңірегінде ой қозғалды.
 Бұл бас қосуда  сөз алған «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Жанаргүл Жүнісова  ұйымның ағымдағы жылдық есебімен таныстырды. Оның айтуынша,  ұйымда 6448 мүше бар, оның басым бөлігі ауыл   және  студент жастар болып отыр, ал,  жұмысшы жастар небары  9 пайызды құрайды.
Қазір облыс бойынша «Жастар – Отанға!», «Сәтті қадам», «Жастар кадрлық резерві» атты ірі жобалар жүзеге асырылуда. Одан басқа, партияның тапсырмасына сәйкес республикалық «Ардагерлерді ардақтайық!», «Бақытты балалық», «Тоқта, қылмыс», «Кел, жастар, оқылық!», «Саламатты ұрпақ» жобалары жұмыс жасап келеді. Есептік мерзім ішінде аталмыш жобалар аясында  жалпы 176 іс-шара ұйымдастырылған. Осы орайда, өткізілген шаралардың сипаты мемлекет, партия саясатын талқылау мен насихаттау және жастар мәселелерін шешу екеніне  жан- жақты тоқталып өтті.
Ал, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин өз сөзінде  облыста тіл саясаты кешенді, жүйелі түрде жүргізіліп отырғанын айтты. Ол облыста 2011-2020 жылдарға арналған тіл саясаты бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырылып жатқанын және оның аясында қаншама іс-шаралардың ұйымдастырылғанын тілге тиек  етті. Бұл бағдарламаны жүзеге асырудағы басты міндет 2020 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызының мемлекеттік тілді меңгеруіне ықпал ету болып табылады.
Қазіргі деректерге сүйенетін болсақ, мемлекеттік тілді меңгергендердің саны 53,1 пайызды құрайды. Ал, ағымдағы жылы  бұл көрсеткіш 60 пайызға жетеді деп отырмыз.
Жалпы мемлекеттік тілді дамыту ісіне білім ордалары ғана емес, жастар ұйымдары да белсенді атсалысу керек. Өйткені,  жастар біздің болашағымыз, сондықтан, олар елдік істерге де белсене араласса дейміз.
Зеренді ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Алмат Балтағарин аудан жастарының бос уақытын қалай ұйымдастыратыны жөнінде ой қозғады. Шынында да, жастардың бос уақытын өткізу мәселесі аса көкейкесті болып отыр. Көп жерлерде жастардың демалуына жағдай жасалмаған. Әсіресе, ауыл жастары үшін мұндай қиындықтардың бар екенін айтуға тиіспіз. Бір кездері, әр ауылда клубтар болса, қазір ондайлардың көбіне қара құлып салынған. Бұл да өз кезегінде жастар арасындағы қылмыстың өршуіне ықпал етеді.   
Ол сонымен бірге, жастар арасында патриоттық тәрбие беруді жандандыру аса қажет екенін айтты. Бұл да біздер үшін тағылымы мол іс. Әркім өз елін қастер тұта алатындай санада тәрбиеленуі керек. Сондықтан, білім ордаларындағы патриоттық тақырыптағы жақсы жұмыстарды да атап өтті. Спорт шаралары арқылы да тәлім-тәрбие беруге болатындығына мысалдар да келтірді.
Ал, Атбасар ауданы ішкі саясат бөлімі басшысы Күнім Жұмаенова жастар арасында салауатты өмір салтын, конфессияаралық келісімді насихаттау, нашақорлық пен маскүнемділікке қарсы іс-шаралардың көптеп ұйымдастырылатынын баса айтты. Осы орайда, «Жұлдыз» балалар ұйымы қыруар  жұмыстар атқарғанын атап көрсетті.
Сонымен бірге, ауданда «Жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде жастарды жұмыспен қамтамасыз етуде көп жұмыс тындырылды. Аталған бағдарлама аясында 32 адам жұмысқа орналасты. Ал, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына 14 жас маман қатысып отыр.
Жастар саясаты жөніндегі кеңес жиынын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жастар саясатымен жүйелі түрде айналысу қажеттігіне тоқталды. Облыс аудандарында орналасқан жастар ресурстық орталықтарын қаржыландыру мәселесін жіті қадағалауды жүктеді. Сонымен қатар, ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын жандандырып, мемлекеттік идеологияны жас-
тар арасында үгіттеу басты назарда  болу керектігін атап өтті. Сондай-ақ,  жастар ұйымдарына ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына байланысты қызу дайындық жүргізіп, кешенді жоспар жасау жөнінде тапсырма берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар