Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қөқшетау көрікті қала - АРҚА АЖАРЫ

Қөқшетау көрікті қала

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақмола жол бөлімшесінің мәжіліс залында Көкшетау қаласының 190 жылдығына орай өткізілген «Туған өлкем – Көкше» әдеби-музыкалық танымдық кеште сүйікті қаламыздың бай тарихынан сыр шертілді.

Кешке жол және магистральдық желі бөлімшелерінің мамандары мен «Бурабай» колледжінің оқушылары қатысты. Ғылыми-техникалық кітапхананың бас кітапханашысы Тұрсынгүл Баджанова, мұражайдың инженер технологы Бекзат Жүнісов және аудармашылар Ботагөз Кәрімбаева мен Ақмарал Нұрғалиеваның басшылығымен «Мемлекеттік тіл – достық тірегі» айлығы аясында өткізілген бұл шарада алдымен өткен жылғы тілдер мерекесінен слайд арқылы бейне көрініс ұсынылды. Одан соң екі тілде Көкшетау қаласының тарихы баяндалды. Осы орайда, темір жол – экономикамыздың күре тамыры десек, вокзал қаланың бас қақпасы деп саналады. Өткен мерзім ішінде, бөлімшеге қарасты салалық құрылымдар қаланың мәдени әлеуметтік және экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қоса алды. Қазір де осы үрдіс жалғасын тауып отыр. Осы жиында облыс орталығының соңғы жылдардағы жетістіктері нақтылы деректермен сараланды.
Облыстық «Арқа ажары» газеті бас редакторының орынбасары Дәуренбек Шөрентаев сөз сөйлеп, мемлекеттік тілді насихаттауда басылымдардың атқарып отырған игі жұмыстарына, Көкшетау қаласының тарихына тоқталды. Кешке қатысқан темір жол саласының мамандары да ана тіліміздің қадір-қасиетін зор бағалап, қаланың  әсем көріністеріне сүйсініс танытты.
Болашақ теміржолшылар – «Бурабай» колледжінің оқушылары Молдаш Темірлан, Қасен Медет, Махмет Еламан, Виктор Колесников және басқалары ән шырқап, күмбірлете күй шертті, Көкшетау қаласына арналған  жыр шумақтарын жатқа айтты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар