«Қазгидромет» орталығының директоры Баян Сазанова биыл қыс суық болатынын атап көрсетті. Бұл туралы nur.kz. хабарлайды.
«Алдын-ала болжам бойынша алдағы қыс былтырғы қыспен салыстырғанда суық болады. Қатты аяз түсіп, қарлы боран соғады. Ауа райы көбіне құбылмалы болып тұрады», – деп мәлімдеді Баян Сазанова. Оның айтуынша, қараша айының басы жылы, бірақ жауын-шашынды болмақ. Ал, айдың екінші жартысында қар жаууы мүмкін. Желтоқсан айында елдің шығыс бөлігіне аяз түссе, батыс өңірінде күн жылы болады. Жалпы, желтоқсанда солтүстікте ауа райы
30-35 градус, оңтүстікте 20-30 градус суық болады деп күтілуде. Болжам бойынша қаңтар айы да қаһарына мінбекші. Бұл айда оңтүстік өңірлерде 25-32 градус суық болса, солтүстік өңірде аяз 43 градусқа дейін баруы мүмкін.
«Арқа ажарының» өз ақпараттары.