Державинск қаласында жаңа орталық аудандық аурухананың құрылысы жүргізіле бастады.
Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 2734,0 миллион теңге бөлінген. Оның 300 миллионы биылғы жылға қарастырылып отыр.
Емханамен бірге салынып жатқан 70 кереуеттік жаңа аурухананың құрылысы Үкіметтің «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт пен емхананың құрылысы» мемлекеттік бағдарламасының аясында қолға алынған. Бүгінгі күні аурухананың іргетасын қалау қолға алынып, су құбыры жүйесі тартылуда. Осы жылы құрылыс нысанының 11 пайызын жүзеге асыру жоспарланған. Медициналық мекемедегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2015 жылы аяқтап, аурухананың өзін пайдалануға беру көзделіп отыр. Сонымен қатар, аудандағы Уәлиханов елді мекенінде ауылдық дәрігерлік амбулаторияға, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында
Пятигорск селосындағы амбулаторияға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жарқайың ауданы.