Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел мен халыққа қызмет етудің жарқын жиырма жылы - АРҚА АЖАРЫ

Ел мен халыққа қызмет етудің жарқын жиырма жылы

«Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 20 жылдығына арналған мерекелік салтанатқа қатысып, құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Сергей Кулагин жергілікті өкілетті органдардың осы уақыт аралығында атқарған жемісті жұмысына тоқтала келе, бір топ депутаттар мен мәслихат хатшыларына Алғыс хаттарын тапсырды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қазіргі депутаты Рәшит Әкімов және бұрынғы депутаты Светлана Жалмағамбетова, Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары мен депутаттары, қоғамдық жұртшылық және БАҚ өкілдері қатысты.

Егеменді еліміздің қалыптасып, дамуындағы Парламенттің орны қандай болса, оның бір тармағы саналатын мәслихаттардың да рөлі  ерекше.  Міне, биыл осы мәслихаттар өздерінің 20 жылдық мерейтойын атап өтіп отыр.  Кеше өңір депутаттары тарих үшін шамалы уақыт саналатын жиырма жылда атқарған істерін қорытындылады.
Алдымен, облыстық мәслихатта өткен салтанатты шарада облыстық мәслихат хатшысы Нина Дьячек сөз алып, өңірдің  мәслихатына сайланған депутаттардың ұдайы белсенді болғанын атап өтті. Қай шақырымды алсаңыз да,  оған елге беделді, еңбек және өмірлік тәжірибесі мол азаматтардың сайланғанын бірден көруге болады.  Әсіресе, осы істің басында тұрған, өкілетті органның қалыптасу негізін қалаған  бірінші шақырылым депутаттарының еңбегі айрықша мадаққа лайық. Міне, солар салған сара жолды жалғап келе жатқан қазіргі депутаттық корпустың да әлеуеті зор.  Бүгінде толықтай қалыптасып үлгерген  мәслихаттар  жергілікті атқарушы билік органдары, «Нұр Отан» партиясы және азаматтық қоғам институттарымен етене байланысты жолға қойған. Осынау толағай табыстардың барлығы да көктен түсе қалған жоқ. Ол жекелеген адамдардың қажырлы еңбектерінің арқасында бізге жетістік болып жетіп отыр. Ерекше маңызды бұл тарихи күнде  Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқаруды дамытуға қосқан айрықша үлестері үшін Қазақстанның мәслихат депутаттарының бірлестігінің атынан облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков, Нұрлан Нұркенов, облыс әкімі аппаратының басшысы Талғат Бөлтенов пен оның орынбасары Николай Политкин, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбутәліпов және облыстық тексеру комиссиясының басшысы Мереке Мұстафин, сондай-ақ, алдыңғы шақырылымдардың депутаттары мен қазіргі депутаттық корпус өкілдері, мәслихат аппаратының бұрынғы және қазіргі бірқатар қызметкерлері мерекелік медальдармен
марапатталды.
Бұдан кейін «Көкшетау» мәдениет сарайында өткен салтанатты жиында алдымен, облыстық мәслихат хатшысы Нина
Дьячек сөз алып, 1993 жылы негізі қаланған өкілетті органның бүгінде іргелі институтқа айналғанына тоқталды. Ол бүгінгі деңгейге жетуге атсалысқан әр шақырылымдағы облыстық мәслихат хатшылары Марат Қойшыбаев, Аманжол Жазин,  Саят Қамзебаев,  Өмірсерік Мұсабаевтардың еңбегін ерекше атап өтті. Мәслихат хатшысы сондай-ақ, өңір басшысы Сергей Кулагинге «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» естелік медалін  табыс етті. Облыс әкімі өз кезегінде  барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын мерекелерімен құттықтап,  халықтың зор сеніміне ие болып, ел келешегін кемел етуге атсалысу міндетін мойындарына алған  абзал жандардың жұмысына табыс тіледі. Ол сондай-ақ, өкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен әрекеті ғана жемісті нәтиже беретінін қадап айтты. Аймақ басшысы Серік Аяғанов, Елена Мащинская, Валерий Симчуктерге  Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаттарын, Тұрлыбек Болатов, Сергей Зиборовтарға «Нұр Отан»  партиясы орталық аппаратының «Белсенді қызметі үшін» медалін, ал, Людмила Багапова, Геннадий Осиненко, Нариман Оразбаев, Павел Безверный, Жанат Мусин, Әнел Ерденова, Бағдат Бұрымбаев, Ғалия Көпееваларға  облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті. Сондай-ақ, ол ХVІІ Азия ойындарының күміс жүлдегері, ауыр атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері Мария Грабовецкая мен оның жаттықтырушысы Батырбек Оздоевқа Алғыс хат пен қаржылай сыйақы тапсырды.
Облыс әкімі «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл»  мерекелік  медалін  саяси қайраткер Светлана Жалмағамбетова және Парламент депутаттары  Рәшит Әкімов пен Жексенбай Дүйсебаевтың кеуделеріне тақты. Осы орайда, сөз алған экс сенатор Светлана Жалмағамбетова екі рет қатарынан жоғары палата депутаттығына сайлаған ақмолалық ағайынға ерекше ризашылығын білдірді. Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді батыл көтере білген қызына көкшелік қауым тікесінен тік тұрып құрмет көрсетті. Ал, Сенат пен Мәжілістің Құрмет грамоталарына  Сағадат Әшебеков, Ибрагим Жанғоразов, Анатолий Куликов, Геннадий Скирда,  Юрий Сериков, Өмірбай Балғабаев, Асылбек Исмағамбетов,  Сағынтай Елубаев бастаған түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттары ие болды. Облыстық мәслихат хатшылары болған Амангелді Сыздықов,  Марат Қойшыбаев, Аманжол Жазиндер де медальмен марапатталды.
Мемлекет тағдыры талқыға түскен  алма-ғайып  кезеңде  қоғамдағы тұрақтылықты сақтап, тұралап қалған экономиканың тамырына қан жүгіртіп, әлеуметтік саладағы қиындықтарды реттеудегі  аталған өкілетті органның қызметін бірер ауыз сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мәслихаттардың халықты толғандырған сан қилы мәселелерді шешудегі алда атқарар ісі де орасан зор. Сондықтан да, жиырмаға толып отырған мәслихаттардың жұмысына біз тек сәттілік тілейміз.
Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар