Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Белсене ат салысамыз - АРҚА АЖАРЫ

Белсене ат салысамыз

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің болашақ бағыт-бағдарын айқындайтын маңызды құжат.

Әр Жолдаудың ел болашағы үшін маңызы  зор. Себебі, Жолдау көпұлтты халқымызға күш-қуат берер қайнар көз деп білемін.  Жолдауда Елбасы  алдағы уақытта көптеген жұмыстардың күтіп тұрғанын айтып өтті. Ал, оны жүзеге асыру үшін ынтымақ-бірлікте өмір сүруіміз керектігіне баса назар аударды. Шынымен де, бір-бірімізге жақын болу еліміздің кемел болашағының кепілі болмақ.  Ұлтаралық келісім – мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі.  Қазіргі өскелең ұрпақ  тоқсаныншы жылдардың дағдарысын көрмей өсті. Біз өзіміз ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықты бағалай білуіміз шарт. «Бүтін болса, ел жақсы» демекші, елімізде тұратын барлық ұлттардың татулығы өзге мемлекеттерден артықшылығымызды көрсететін игі фактор екендігі баршамызға аян. Ал, тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайта түсетін жастар қауымы – болашақтың тірегі.
Осыған орай, биылғы Жолдау жастарымыздың қажыр-қайратын шыңдай түспек.
Келесі жылы Ата Заңымыз бен  Қазақстан халқы ассамблеясының  20 жылдығы салтанатты түрде аталып өтеді. Олай болса, жастарымызды толеранттылыққа, отаншылдыққа жұмылдыру іргелі істерді қажет етеді. Осы ретте, Жолдауды іске асыруға өзімнің күш-жігерімді аянбауға барынша тырысамын.

Лидия  ЧЕРНЕГА,
Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мүшесі.

Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар