Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бойындағы ренішін сарқыла айтқаны не керек?!. - АРҚА АЖАРЫ

Бойындағы ренішін сарқыла айтқаны не керек?!.

М.Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі өнертанушы, жыршы Жұмабай Есекеевтің әдеби кеші өткізілді.

Кеш қарт жыраудың 75 жасқа толуына орай ұйымдастырылса да, өз басынан өзгенің өнерін, Алаштың ардақты азаматтарының мұрасын биік қоятын Жұмабай аға өзін әспеттеуді, өзін мақтауды хош көрмеді. Шын өнерді сыйлай білетін адамның ұлық мінезі деп ұқтық.
Кітапхана ұжымы ұзақ жылдар бойы өнер, мәдениет тақырыбында қалам тербеген Жұмабай Есекеевтің кітаптарын, бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан көлемді материалдарын топтастырып, көп көрім көрме ұйымдастырған екен. Алдымен, әуелгі жоспарға орай Көкше өңіріндегі көрнекті тұлғаларды көп зерттеген, көкірегі толы қазына-көмбе, сыр сандық Жұмабай ғана жайында аз-кем шолу айтылды. Ал, сөз өзіне тиген соң қамшы салдырмайтын жорғадай жыршының өзі көсіліп берсін. Әуелгі сөз 200 жылдығы тойланбай қалған Орынбай Бертағыұлы жайында.
Өз заманында алдына ақын салмаған от ауызды, орақ тілді Орынбай мұралары күні бүгінге дейін шып-шырғасы шықпай жеткен. Жұмабай ағаның өзі ұлы ақынмен бір топырақтан. Орынбай мұрасының бүгінгі жалғыз жоқтаушысы шымбайға бататын шындықты шырылдап тұрып айтты. Тек тыңдайтын құлақ болмады. Жоқ бар еді, бірақ, кілең студенттер мен оқушылар. Ал, мәселе шешетін, тәлімді кештер ұйымдастыратын мәдениет басқармасы мен өнерге қатысты ұжымдардан жан жоқ. Бойындағы реніші мен өкпесін сарқыла айтқаны не керек, бұл жолы да ағаш оқпен аң аулағандай бос тірлік болды.
Негізінде кеш өте әдемі, мәнді өтті. Әдемілігі жыршының өзінен еді. Қара сөздің қаймағын қалқып айта келіп, саналуан, бүгінгі күні ұмытыла бастаған мақамдармен жеткізуі, жауһар жырлардан үзінді келтіруі әсерлі әңгімені одан әрі әрлей түсті. Тұстасынан жалғыз Иран сал Тасқара ғана қатысып, сөз сөйледі. Ұтымдысы жастардың жадында жатталған сырлы, нәрлі дүниелер.
Көп кісі біле бермейтін жауһар дүние, қисапсыз қазына жетпістің бесеуіне толған жыршы Жұмабай ағаның кеудесінде қыздың жиған жүгіндей қапталып жатыр. Тиісті мекемелер жазып алуы керек еді, көшіріп алуы керек еді, қотарып алуы керек еді… еді… еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар