Сəкентану ғылымына өзінің елеулі үлесін қосумен келе жатқан белгілі қаламгер Амантай Кəкеннің таяуда ғана «Сарыарқа» баспасынан жарық көрген кітабы «Сəкен тағылымы» деп аталады.
Сəкен тағылымы! Ол нені меңзейді, бізге несімен қымбат? Осы тұрғыда мұрағаттардағы құжаттарды сөйлетіп, ондағы деректер мен өзіндік ой қорытуларынан бұған дейін де «Сəкен шындығын діттегенде немесе НКВД құжаттары шерткен сыр», «Қазақтың Сəкені», «Непокоренный сын степи», «Сəкен Сейфуллин» сияқты құнды еңбектерді өмірге əкелген автордың жүрдек қаламы тағы да дауылпаз ақын өмірінің кей белгісіз қырларына қапысыз бойлапты. Ə дегеннен жазушының осы азабы көп, бір нəтиже шығарамын десең, соңына біржола түсуді қажет ететін өмірлік тақырыбына қалай келгенін «Сəкен өнегесі өте керек» атты алғысөзі арқылы басын ашып алуы да өз-өзін ақтап тұр. Бұдан бір басталған істің соңынан бір қадамнан соң бір қадам жасай берген қаламгердің ізденісі мен еңбекқорлығын, өз ұстанымына беріктігін жазбай аңғарасың. Таныма лдылықтың өзі адам баласына қабілет-қарымы, одан соң еңбекпен келетініне ешкім шек келтірмесе керек. Бойындағы осы бір қасиеті, ойындағы ынтызарлық, іштартушылығы Амантай Кəкенді де бүгін көпке əйгілі Тұрсынбек Кəкішев ағамыздан кейінгі Сəкеннің нағыз іздеушісі, жоқтаушысына айналдырып отыр. Жаңа өмір жолындағы күре скерлік, қайраткерлік рухы Ақмолада шыңдалған есіл азаматтың өмірінің қилы кезеңдерін талмай зерттеп, халқының кəдесіне жаратып жүрген бұл қаламгердің де осы біз айтқан топырақтан шығуында бір заңдылық бар сияқты. Егер Амантай Кəкен осы тақырыпты діттеп қолына
алмаса, оның кітаптарындағы Сəкен туралы толымды мағлұматтардың өзі бүгін-ертең оқырман игілігіне айналар ма еді, айналмас па еді?! Бүгінде Тұрсынбек Кəкішев ағамыз екеуі бірін-бірі толықтырып, тізе қосып атқарып жатқан үлкен шаруа бұл салада əдебиетші қаламгерлердің ешқашан да көптік етпейтіндігін жақсы байқата түскендей. Соның т ағы бір жемісі қолымызға тиіп отырған «Сəкен тағылымы». Əрине, осы күнге дейін Амантай Кəкеннің шығармашылық жолына азды-көпті зер салып жүрген адам оның Сəкен туралы сүбелі зерттеулерінің басы 2000 жылы Астанадағы «Парасат əлемі» баспасынан жарық көрген «Қазақтың Сəкені» деп аталатын повесть-эссесі екендігін жақсы білуі тиіс. Осы кітапқа автордың өзіндей алғашқылардың бірі болып қуанып, мерзімдік баспасөз бетінде үлкен бағасын берген кім десек, ол тағы да осы күнгі қазақ əдебиеттану ғылымы көшбасшыларының бірі Тұрсынбек Кəкішев ағамыз. Сол мақаласында мұрағаттағы қолға түспей келген сирек құжаттар арқылы Сəкен Сейфуллин мен Сəбит Мұқановтың Сəкентану ғылымына өзінің елеулі үлесін қосумен келе жатқан белгілі қаламгер Амантай Кəкеннің таяуда ғана «Сарыарқа» баспасынан жарық көрген кітабы «Сəкен тағылымы» деп аталады. 30-шы жылдары Алаш арыстарына қарсы еш куəгер болмағанын, мұндай атүсті пікірлер жаңсақ екенін дəлелдеп шыққан Амантай інісіне зор ризашылығын білдірген танымал ғалым оның осы жолдағы өз-өзіне деген шығармашылық сенімін де ұштап, беталысының дұрыс екендігіне септесіп жібергені анық. Бұл да елеулі түрде дем берген болуы керек, содан бері əйтеуір, А.Кəкен нағыз зерттеуші қаламгерге тəн ізденіс жолында. Оның мысалын күштеп іздеудің де қажеті жоқ. Осы «Сəкен тағылымының» өзінде-ақ бұл тақырыпқа біржола берілгені, мұның өзі қаншама жылдар бедерінде бүкіл өмірінің мəн-мағынасы мен өзегіне айналып келе жатқаны жақсы көрініп тұр. Мұрағатпен де жұмыс істей алатын, оның əр дəйегі мен дерегін өз шығармаларында бұлтартпастай шебер қолдана білетін қарымды қаламгер өз кейіпкерін қай қырынан алып зерттесе де, көтеріп отырған тақырыбында оқырманға дүдамал тұстар қалдырмайды. Қашанда жазары нақты, келтірер қисыны бекем, оқиға мен дəлелінің желісі, кейіпкеріне берер бағасы айқын өріліп жатады. Соның бір айғағы кітаптағы «Ол нағыз ұлтшыл еді» деп аталатын мақаласы. Мұнда да автор өзіне тəн дəлдік, діттеушілікпен Сəкен Сейфуллиннің туған халқы үшін көп іс тындырған нағыз ұлтжандының қатарынан екенін барынша көз жеткізе пайымдап шығады.
Шындықтың өзі əрдайым салыстырудан туатындығын ұмытпауымыз керек. Сəкендей мемлекет қайраткерінің еліне сіңірген еңбегінің кей ақиқаты соны қажет еткен соң, мақалада бүгінгі күннің өзі айтқызуымен ол да бар. Мəселен, автор осы күні Қазақстанда 181 (!) жоғары оқу орнының бар екенін қаперге сала келе, оның сапасына үңіледі, əрі мұнысын бір кезде патша үкіметінің қазақ балалары үшін арнайы бөлген 16 стипендиясына үш-ақ шəкірттің оқуға түскеніне қынжылған Сəкеннің аңсарлы арманымен ұштастырады. Мұндай түйіндер əрине, керек. Тіпті, өз-өзімізге сын көзбен қарай білуді ұмытпау үшін де деп қойсақ, артық емес. Автордың осындай дүниелерінде Сəкен туралы əрбір дерек көзінен, дауылп аз ақын н ың өлең -жыр, мақалаларынан түйе білген тұшымды ойлары да қиғаш кетпейді. Орнын тауып, Сəкендей ердің кесек тұлғасын əр қырынан аша түседі. Осы орайда, кіт апт ағы «Ақын жүрген жолмен» атты жолжазбаға қатысты да бірер сөз. Сəкентануға түбегейлі кіріскен соң қаламгердің бұл экспедицияға белсене ат салысуы, əрі оны түгел қамтып қағазға түсіруі де құптарлық. Мұның өзі дерегі мен суреттеуі мол, оқырманды өзі-ақ жетелеп отыратын тағы бір құнды
еңбек болып шыққан. Осы орайда, Амантай Кəкеннің қашан болсын, қаламын шындыққа дəлдеп салып, нақты дерекпен көз жеткізе сөйлеуді қажет ететін ауыр тақырыптарға баруы сүйсінтеді. Кітаптағы Сəкен бейнесін тарихи, рухани сабақтастық жағынан толықтырып тұрған «Бар қазақтың жүрегіне жол тапқан», «Халқы сүйген Жұмекең», «Тұрлаулы т ағдыр» мақалалары ұлтымыздың біртуар перзенттері Сəбит Мұқанов, Жұмабек Тəшенев, Хамза Абдуллиннің басынан кешкен қиямет-қайым тауқыметтерінен сыр шертсе, «Көзқарас» тарауында берілген «Ұлттық сана мінездемесі», «Қасіреті көп науқан», «Казачество қоғамдық ұйым ба?», «Николай Ефимович Кручина неме с е Компартияның алтыны туралы не білеміз?» атты зерттеу еңбектерінде де автор өзінің үнемі ізденіп, ширығу үстінде жүретін қаламгер екенін жазбай танытып, талай «ақтаңдақтың» арғы-бергі сұрықсыз сықпытын алдына бүкпесіз жайып салады. «Сəкен тағылымынан» тағы бір көңілге түйгеніміз, Амантай Кəкен сияқты Сəкентану тізгінін қолына түбегейлі ұст аған жазушы қайт а осы тақырыпты тың дерек, орынды пайымымен одан əрі дамыта түспесе, бұл жолдан ауытқып көрген емес. Автордың осы кітаптағы өз білуімізше, «Сəкен Сейфуллинді «қызыл» дедік, ал, алашордашылар кеңес өкіметіне неге қызмет еткен?» атты жаңа мақаласы бұл сөзіміздің айқын дəлелі іспеттес. Мақаланың өзі біздіңше, қазір кейбіреулер Сəкенді де орынсыз кінəлап жүргендей, Алашорда қайраткерлерін сол бір аумалы-төкпелі кезде қызылдар жағына өтті деп жазғыру емес, бар болғаны осы бір тарихи деректер арқылы сол заманның күрделілігін алға тартып, əр нəрсенің өз реті барына оқырман көзін жеткізу. Жалпы, осы күнге дейін автордың Сəкен тура лы қай жазғаны да шынайылығымен, тың ізденістерімен баурайтындықтан, жазушы еңбектеріне тарихшылар мен əдебиетшілер аузымен, қазақ жəне орыс тілдеріндегі мерзімдік басылымдармен айтылған пікірлер, берілген бағалар тек оң. Олардың да бір парасын осы кітаптан тауып, қаламгер қол артқан белес-биіктермен шырайланасың. Манадан бері негізінен, осы жинақтың Сəкентану тарауына назар аударып жатқанымызбен, сөз соңына қарай автордың өзі алдын, тағылымын көрген бір топ қаламдас, қызметте с ағалары туралы қалам тербеуді ұмытпаған кісілік келбетінің де бағасын бере кетуді жөн көрдік. Жанына ыстық көрінетін алғашқы редакторы Сафаржан Хайдаров, асылдың тұяғы Əнуар Ипмағамбетов, өмірге құштар майдангер жазушы Əскен Нəбиев, чекист Мұқаш Омаров, жақсыдан шарапат Орақбай Смағұлов, кісілігі көңілдерді көркейткен Октябрь Əлібеков, халқының күйін күйттеген Жарасбай Нұрқанов туралы естеліктер жазушы жансарайының осы кісілерге деген тұмса бір айнабұлағы дерсің. Оның ішінде осы күндері сексеннің сеңгіріне шығып отырған қазақтың бел баласы Герольд Бельгердің «Казахское слово» кітабына қарата өрнектеген толымды ой-пікірлері де бар.Міне, Амантай Кəкеннің «Сəкеннің тағылымы» атты көлемді кітабы бізді ə деп оқып шыға бастағаннан-ақ осындай жылы əсерге бөледі. Айтары мол мұндай еңбекті сөз жоқ, дауылпаз ақынның 120 жылдық мерейтойына лайықты тарту, Сəкентану саласына қосылған тағы бір сүбелі үлес деп қабылдағанымыз жөн.