Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адамдар тыңды, тың елді көтерді - АРҚА АЖАРЫ

Адамдар тыңды, тың елді көтерді

Кеше «Көкшетау» мәдениет сарайында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні мен тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Сергей Кулагин тыңның өңіріміздің дамып, өркендеуіне тигізген игі ықпалына тоқтала келе, Ақмола облысының бүгінгі таңда еліміздің ірі астықты аймақтарының біріне айналып отырғандығына алғашқы тың игерушілердің қосқан зор үлесіне жоғары бағасын берді.

Осынау күні мерекелік шараға келген агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері мен тың ардагерлерін фойеде шырқалған әсем ән мен тәтті күй қарсы алды. Алдымен, олар облыстық өлкетану музейі ұйымдастырған тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңіне арналған көрмені және жыл қорытындысына арналған бейнефильмді тамашалады. Салтанатты шараға аудан, қала әкімдері, олардың орынбасарлары, облыстық басқармалар мен ведомстволар, ауыл шаруашылығы бөлімдері, Ауыл шаруашылығы министрлігінің  аудандық аумақтық инспекциялары, аудандық және қалалық жер бөлімдері, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалықтары, өңдеуші кәсіпорындар мен банктердің басшылары, инвесторлар, өндіріс озаттары, ғалымдар, өңірлік сервистік қызмет көрсету орталықтарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген өңір басшысы Сергей Кулагин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы саласына баса  назар аударып отырғанын, Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы
жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында экономикалық саясаттың жаңа бағытын жариялап, онда еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен «Агробизнес-2020» бағдарламасында белгілеген ауыл шаруашылығының индустриялық-инновациялық даму әлеуетін арттыруға айрықша көңіл бөлгенін  атап өтті.
– Биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл  болып саналады. Осыдан 60 жыл бұрын тың және тыңайған жерлерді игерушілер қысқа мерзім ішінде 19 миллион гектар жерді жыртып, дәнді дақылдар молшылығын жасады. Мұндай жағдай әлемдік тәжірибеде күні бүгінге дейін болған емес. Тың және тыңайған жерлерді игеру – ХХ ғасырдың  ауқымды әлеуметтік-экономикалық жобасы ғана емес, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің айқын дәлелі. Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына бірнеше жылдың ішінде 260 мыңнан астам механизатор, ондаған мың мамандар мен білікті ұйымдастырушылар жіберілді. Тыңды игеруге бұрынғы одақтас республикалардың өкілдері, ауыл еңбеккерлері, өнеркәсіп пен құрылыс кәсіпорындарының жұмысшылары, жоғары және орта оқу орындарының түлектері, жауынгерлер қатысты. Тың интернационалдық тәрбие мектебі болды. Уақыт тың игерудің еліміз үшін тиімді болғанын көрсетті. Қазақстанның егістік алқаптары бүгінде елімізді ғана астықпен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай-ақ, елуден астам алыс  және жақын шетелдерге экспортқа астық шығаруға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Расында, қысқа мерзім ішінде тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстанның экономика, білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларын күрт дамытып, мықты кадрлық және ғылыми әлеуметтің қалыптасуына ықпал етті. Осы орайда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тың жерді игеру – бұл әлем тарихында болмаған ХХ ғасырдың ауқымды әлеуметтік-экономикалық жобасы, көтерілген тың – достық пен еңбектің рәмізі» деп атап көрсеткені белгілі.
– Тың жерлерді игеру қатарында Александр Бараев, Василий Окунев, Баян Жанғалов, Василий Химич, Алексей Козлов, Байдалы Оразалин және тағы басқалары бар белгілі ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, басшылардың үлкен легін өсіріп шығарды. Социалистік Еңбек Ерлері Михаил Довжик, Владимир Дитюк, Ибрагим Жанғоразов, Валентина Щербакова, Баяш Әміренов, Сартай Жұмағалиев, Сағила Есенжолова, Сүйіндік Исмағамбетов, Тұрлыбек Әбілпейісов, Күлән Бәкібаева мен Есілбай Қадыралин сияқты көптеген өндіріс озаттары бүкіл халқымыздың мақтанышына айналды, – дей келе, облыс басшысы барлық еңбек ардагерлері мен ауыл еңбеккерлерін бүгінгі  кәсіби мерекелерімен және тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, отбастарына амандық, бақыт пен игілік тіледі. Бүгінгі таңда тың ардагерлерінің даңқты дәстүрін олардың ұрпақтары, тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі азаматтары одан әрі жалғастыруда. Солардың алдыңғы қатарында Қазақстанның Еңбек Ерлері Әділхан Кенжебаев, Иван Сауэр сияқты жерлестеріміз келеді. Олардың ауыл шаруашылығы өндірісін өрге бастырудағы жетістіктері көпке үлгі етуге тұрарлық.
2014 жылы облыс диқандарының барлық күш-жігері алда тұрған міндеттерді іскерлікпен шешуге бағытталды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бірқатар салалар бойынша жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілді. Әр жыл өзіндік ерекшелігімен есте қалады. Биылғы жыл диқандар үшін өте қиын болды. Орақ науқанының  жауынды-шашынды болып келуі астық жинауды тежеп, күрделі жағдайға ұрындырды. Дегенмен, облыс диқандары Қазақстанның барлық  астығының 30 пайызын жинап, республика бойынша бірінші орынға шықты.
Салтанатты жиналыста ауыл шаруа-шылығын мемлекет тарапынан қолдау мақсатында  13 миллиард теңге қаржының бөлінгендігі айтылды. Сондай-ақ, мемлекет көктемгі егіс және орақ жұмыстарын жүргізуге де 4,6 миллиард теңге несие бөлді. Жеңілдетілген бағамен 152 мың тонна дизель отынын босатты. Осының арқасында биыл облыс бойынша 4,1 миллион гектар дәнді дақылдар алқабынан
5 миллион тоннаға жуық астық жиналды. Қажетті тұқым қоры құйылып алынды. Ауа райы күрделі болған биылғы жылдың өзінде өңір диқандарының 1,8 миллион тонна астық экспорттауға мүмкіндіктері бар. Алда егіншілік саласын одан әрі әртараптандырып, майлы және азықтық дақылдар алқаптарын кеңейту міндеті де тұр.
Бұдан әрі өңір басшысы бір топ Социалистік Еңбек Ерлері, тың игерушілер мен еңбек ардагерлеріне, үздік деп танылған аудан, шаруашылық басшыларына, таңдаулы еңбеккерлерге түрлі марапаттар тапсырды (марапатталғандардың тізімі газетіміздің бүгінгі санында жарияланып отыр). Осылайша тың игерудің маңызы, ауыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі паш етіліп, алдағы күндердің жаңа міндеттері белгіленген салтанатты шара соңы  тартымды концерттік бағдарламаға ұласты.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
Аслан ОСПАНОВ, Бостангүл ЕРМАНОВА,
«Арқа ажары»
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар