Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көреген көшбасшы - АРҚА АЖАРЫ

Көреген көшбасшы

Мен он бір жылдан астам уақыт бойы аудандық ардагерлер кеңесін басқарып келемін. Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысының  елімізді небір соқпақты жолдардан аман алып келе жатқандығына куә болып отырмыз.

Тоқсаныншы жылдардың басындағы өтпелі кезеңнің қиындықтары әлі де көз алдымызда. Шекараны белгілеу, мемлекеттің ішкі құрылымын бекітіп, Ата Заңды, ел рәміздерін қабылдау сияқты аса маңызды мәселелерден бастап үйлерді жылу, сумен қамтамасыз етіп, халықтың зейнетақы, жәрдемақы, жалақыларын уақытылы алуына жағдай жасау, зауыт-фабрикалардың жұмысын жандандыру сияқты түйткілді мәселелер алқымымыздан алғанда, көпшілігіміздің көкейімізде «Көшке ілесіп кете алар ма екенбіз?» деген екіұшты ойдың тұрғанын несіне жасырайық. Сол сындарлы сәтте Елбасы 2030 жылға дейінгі ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын қабылдап, аталған мәселелерді өз жүйесімен дер кезінде шеше білді.
Президенттің елді өтпелі кезеңнен алып шығуы өз алдына, астананы көшіру туралы шешім қабылдауы да ерлікке пара-пар іс еді. Себебі, әлем картасында тәуелсіз мемлекет ретінде енді ғана пайда болған елдің бұдан да басқа шаруалары шаш-етектен болатын. Бүгін міне, аталған қадамның дұрыс еместігін айтып, сәуегейлік жасағандар еңселі Елордаға қарап, қателескендерін толық мойындап отыр.
Енді Елбасы дамуы жедел азулы отыздықтың қатарына ену міндетін алдымызға қойды. Алдымен, экономика, одан соң ғана саясат деп бағамдайтын Мемлекет басшысының өз Жолдауларында әлеуметтік саланы, оның ішінде аға буын өкілдерін ұмыт қалдырмайтын көрегендігі ұнайды. Бүгінде біздегі аудандық ардагерлер кеңесінің құрамына соғыс және еңбек ардагерлерінің 20 бас-
тауыш ұйымы кіреді. Оларда өңір бойынша 3591 ардагер есепте тұр, оның төртеуі Ұлы Отан соғысының ардагері, тағы екеуі соларға теңестірілгендер болса, 683-і тыл еңбеккерлері. Осы қарттар бас қосып, бір ортаға жинала қалса, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтап, бар халықтың баласын бір шаңырақтың астына біріктіріп отырған Көшбасшымызды орынды  мақтан етеді. Олай болатын жөні де бар. Себебі, олар қанды қақтығыстарды көрген, жау жағадан алған соғысқа қатысқан жандар. Ендігі ұрпақ осындай зұлматтың куәсі болмаса екен деп тілейді. Сондықтан да,
Ассамблеядай берекелі орданы құрып, осы  бейбіт өмірдің шырқын бұзбау жолдарын іздеген абзал азаматтың  әрекетіне қарттар қауымы дән риза.
Мемлекет басшысы еліміздің бүгінгі толағай табыстарға жетуінің астарында  аға ұрпақ өкілдерінің еселі еңбегінің жатқандығын ұдайы айтып, жастарды солардың арқасында қол жеткізген игіліктерді көздің қарашығындай сақтай білуге шақырып отырады. «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында да, жыл сайынғы Жолдауларында да ол осыған ерекше мән беріп келеді.
Мен осы тұста өңір жұртшылығының қарттарға қолдау көрсетуде көпшілікке үлгі болар ілкімді істерді тыныдырып отырғандығын айта кеткім келеді. Жуыр-
да егде адамдарды жан-жақты қолдау мақсатында өткен айлықта  барлық 14 селолық округте тұратын жалғызбасты және мүгедек қарияларға аймақтағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өкілдері, жеке шаруа қожалықтары мен басқа да ұйымдар мүмкіндігінше материалдық көмек көрсетуге тырыс-
ты. Жиналған қаражаттың барлығы да дәрі-дәрмек, отын-көмір мен жем-шөптен таршылық көріп отырған қарттардың мұқтаждарын өтеуге жұмсалды. Ауданда арнайы зейнеткерлер үшін жәрмеңке де ұйымдастырылды. Онда аса қажетті азық-түлік өнімдері төмендетілген бағамен сатылды.
Бұдан басқа, барлық елді мекендерде қарияларға арналған концерттер ұйымдастырылып, қайырымдылық астары беріліп тұрады. Зейнеткерлер арасында шахмат турнирін  өткізу де бізде дәстүрге айналған. Осы тұста біздің өнерлі қарттардың зейнеткерлер арасында ұйымдастырылған облыстық көркемөнерпаздар байқауынан жүлделі оралғанын да мақтанышпен айтқым келеді. Жалпы, біздің қарттар зейнетке шықтық екен деп, қол қусырып қарап отырған жоқ. Өскелең ұрпақ тәрбиесімен айналысады, одан қалды, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласады.
Өмірге деген құлшыныстары мол қарттар жастардың бойында отаншылдық сезімін қалыптастырып, оларды қазақстандық пат-
риотизмге баулуды өз міндеттері санайды. Сондықтан да, олар елде болып жатқан саяси-мәдени жаңалықтарды қалт жіберген емес. Жуырда жарияланған Жолдауды да ерекше ықыласпен тыңдап, бірауыздан қолдап отыр. Әсіресе, елімізді сын-қатерлер жағдайынан аман алып шығу үшін талан-таражға салмай, бөлшектемей, қор жинап, керек кезінде соны ел игілігіне пайдалану қажет деп шешкен Президент тұжырымы менің тұстастарымның көңілінен шығып отыр. Бұл қиындықтар да өтпелі болар деп ойлаймыз. Елі сүйген, елін сүйген Елбасы аман болса, осы сыннан да ойдағыдай өтетініміз анық.

Сағынай СЕЙІТЖАНОВ,
Астрахан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар