Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нұрсұлтандар нұрлы жолдың басында - АРҚА АЖАРЫ

Нұрсұлтандар нұрлы жолдың басында

Мен 1991 жылдың 4 шілдесінде Көкшетау қаласында Ыбыраевтар әулетінде дүниеге келдім.

Қуанышы қойнына сыймаған Гүлшара әжем қазақ елін басқарып отырған Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсаған азамат болсын деген ниетпен есімімді Нұрсұлтан қойыпты. Мектеп бітірген соң Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне оқуға түстім. Онда оқып жүріп, сол оқу орнының түрлі іс-шараларына белсене қатыстым, бүгінде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының мүшесімін, Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының қоғамдық жұртшылықпен байланыс бойынша менеджері әрі баспасөз қызметкері болып жұмыс істеймін. Менің атымды Нұрсұлтан деп қойған әжеме алғысым шексіз. Ел басқарып жүрген адамның есімін алып жүру бір жағынан мақтаныш, бір жағынан зор жауапкершілік.
Соңғы Президент сайлауында сайлауалды штабта жұмыс істедім. Осы еңбегім еленіп, Ұлт Көшбасшысының атынан арнайы Алғыс хатпен марапатталдым. Бұл марапатқа төбем көкке жеткендей болды.

Елбасы туралы түсірілген «Елбасы жолы» киноэпопеясын отбасымен бірге отырып тамашаладық. Сонда Мемлекет басшысының қарапайымдылығына, адамгершілігі мен әділдігіне тәнті болдым. Нұрсұлтан Әбішұлына ұқсағым келді. «Болмасаң да ұқсап бақ» демей ме Абай атамыз, тіпті, дос-жарандарым кей кезде «О-о-о, біздің президент мырза келе жатыр» деп әзілдейтінді шығарды. Омар Һайямның философиялық пікірлерін оқығанды ұнатамын. Бүгінде халық игілігі үшін қызмет етіп жүрген жайым бар.

Нұрсұлтан ЫБЫРАЕВ, Көкшетау халыққа қызмет көрсету
орталығының қоғамдық жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері.

Мен 1992 жылдың төлімін. Нұрсұлтан деп қойылған есімімді мақтан етемін.

Ауданымыздағы №18 кәсіптік лицейде мамандық алып, бүгінде Ерейментау қаласындағы темір жол жөндеу депосында жұмыс істеймін. Елбасы Нұрсұлтан ағамыз да қызмет бабын ең алдымен қарапайым жұмысшы болып бастаған ғой. Еңбек майданында шыңдалып, бірқатар жауапты қызметтер атқарды. Одақ тарап, дербес мемлекет болып бөлініп шыққаннан кейін халықтың қалауымен еліміздің Президенті болып сайланды. Мен Елбасы болмасам да, өз өмірімде жақсы еңбек етуге ұмтылатыным анық.
Мен де өзгелердей, Елбасы туралы кино-эпопеяны сүйсіне тама-шаладым. Президен-тіміздің образына, адами болмысына қызықтым. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын шын көңіліммен тыңдап, ондағы елді өркендету бағытындағы тың бастамаларға сүйсініп, үлес қоссам деп келемін. Биылғы Жолдауда да жастардың баспана мәселесіне көп көңіл бөлініп, тұрғын үйге қол жеткізудің жолдары жеңілдетіле түсетін, көптің көңілінен шығып отыр.

Нұрсұлтан РАҚЫМЖАНОВ,
«Ерейментау» ЖШС жөндеу депосының қызметкері.

Бала кезімде мен де бала Нұрсұлтандар сияқты Президент болуды армандадым.

Көп білгім келді, көп елдерді аралағым келді. Ата-анам менің алғырлығымды, білімге деген құштарлығымды байқап, Қарағанды қаласындағы қазақ-түрік лицейіне оқуға берді. Оны тәмамдаған соң Қостанай мемлекеттік университетіне грантпен ақпараттық жүйелер мамандығына түстім. Сонда оқуда жүріп, ондағы қазақ-түрік лицейінде тәрбиеші болып жұмыс істедім. Оқуымды бітіргеннен кейін басшылық тарапынан қазақ-түрік лицейлерінің бірінде мұғалім болып қалуыма ұсыныс түсті. Содан Көкшетау қаласына жолдама алдым. Қазір Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетте магистратурада оқимын. Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің болашағы – жастардың қолында» дегені бар. Сол жастардың білімді, тәрбиелі болуы үшін алдымен, ұстаздар қауымы жауапты. Сол себепті мен ұрпақ тәрбиесіне араласуды жөн санап, еліме өз еңбегімді осылай сіңірейін дедім. Төрт тілді меңгергенмін, атап айтар болсам, қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде еркін сөйлеймін, араб тілінде де оқып, жаза аламын, бірақ, бұл тілді еркін меңгердім деп айта алмаймын. 
 Бүгінде еліміздің ішкі саясаттағы тұрақтылығы мен сыртқы саясаттағы табыстарымызға өзгелер қызыға қарайды. Бірнеше ұлт пен ұлыстың тату-тәтті мекеніне айналған еліміздегі дінаралық татулық, өзара түсіністік, өзгенің қадір-қасиетіне сыйластықпен қараудың ерекше үлгісін көрсету де Елбасының  ерен еңбегі. Тұңғыш Президент күнімен барша қазақстандықтарды мен де шын жүректен құттықтаймын!  

Нұрсұлтан АХМЕТОВ,
Көкшетау қазақ-түрік лицейінің информатика пәнінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар