Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ӘСЕМДІГІНЕ МАЗМҰНЫ САЙ - АРҚА АЖАРЫ

ӘСЕМДІГІНЕ МАЗМҰНЫ САЙ

Астанадағы Назарбаев орталығының рухани орынға айналары сөзсіз

Елордамыз  – Астана қаласы  архитектуралық келбеті керемет, сән-салтанаты келіскен тағы бір ғимаратпен толықты. Әлемге аты мәшһүр сәулетші,  Астанадағы «Бейбітшілік пен келісім сарайының» авторы Норман Фостердің жобасымен бой көтерген «Назарбаев орталығы» Елордамыздың келбетіне ерекше әр беріп тұр.

Жалпы, «Президент орталығы» деген арнайы орындар әлемнің біраз елдерінде бар. Мәселен, АҚШ-та кітапхана орталығы болса, басқа елдерде де осыған ұқсас, Мемлекет басшысына байланысты орталықтар жұмыс істейді. Елордамызда мемлекет ақшасына емес, жеке адамдар қаржыларына салынған аталмыш ғимараттың шын мәніндегі алар орнына келетін болсақ, бұл көпсалалы ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық ағарту орталығы болып саналады. Жуырда мұнда «Тұңғыш Президент кітапханасы» ашылды.
«Назарбаев орталығында»  еліміздің Тәуелсіздігінің тарихы, әлемдік экономикалық саясат туралы зерттеулер жүргізіледі. Сондай-ақ, мұнда жастардың тарих туралы шынайы білім алуларына, тілдер үйренуіне жағдай жасалған. Қазіргі заман талаптарына сай, мүмкіндіктері мол арнайы қондырғылармен жабдықталған бұл орталықтың  мәдениет саласындағы айтулы орындардың бірегейіне айналары даусыз.
Жоғарыда айтылған арнайы қондырғылар арқылы орталықтағы кітаптарды оқып, Елбасына, жалпы еліміздің тарихына байланысты толық мағлұматтар алуға мүмкіндік мол. Сонымен қатар, Елбасының 2009 жылдан бергі жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларымен де танысуға болады. Мұның бәрімен әлемнің кез-келген жерінен  интернет арқылы танысуға болады.
Жалпы, аумағы 28 мың шаршы метр болатын бұл ғимарат тоғыз қабаттан тұрады. Кітапхана қорында 460 мың кітап болса, оның 200 мыңы жабық қорға орналастырылған.
Мұнда Қазақстан Республикасы Президентіне әлемнің көптеген елдері басшыларының берген сыйлықтары, бағалы кітаптар, түрлі сыйкәделер, басқа да құнды жәдігерлер қойылған. Сондай-ақ, Елбасының көптеген елдер басшыларымен, басқа да ресми тұлғалармен болған кездесулерінде түсірілген суреттер де орталықтың бір қабатында орналасқан көрменің мәнін аша түскен.
Орталықтың тағы бір қабатында орын алған Президенттің спортық киімдері, атап айтқанда, футбол формасы, теннис ракеткасы, гольф, тау шаңғысымен сырғанағанда және тағы да басқа спорт түрлерімен айналысқанда киетін киімдері де орталыққа келушілердің назарларына ілігері сөзсіз. Елбасы өзі айтқандай, ел басқарып отырған әрбір адам шахмат ойнай білуге тиіс екен. Осыған орай, мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке шахматы да қойылған.
Жуырда тұңғыш Президент күні қарсаңында өткізілетін шаралар аясында Ақмола облысынан арнайы делегация келіп, Астананың әсем жерлерімен танысты. Бұл сапарда әрине, бірінші кезекте «Назарбаев орталығы» тұрғандығы заңды құбылыс. Облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Серік Сәркенұлы Сәдуақасов басқарып келген делегация құрамында мемлекеттік емес ұйымдар, жастар мекемелері, этно-мәдени орталықтар, саяси партиялар, мемлекеттік органдар өкілдері болды.
Делегация жетекшісі Серік Сәдуақасов айтқандай, бұл сапардың басты мақсаты Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны, жүріп өткен еңбек жолдары, оның еліміздің тұңғыш Президенті ретіндегі атқарып келе жатқан ерен еңбегі туралы неғұрлым толығырақ мағлұмат алу болып табылады.
Әрине, бұл жолғы Астанаға барған сапар олардың естерінде ұзақ сақталуға тиіс. Себебі, олар Астананың әсем ғимараттарымен, көрікті жерлерімен танысып қана қоймай, көптеген танымдық деректерге қанық болды, біраз мағлұматтар алып, Елбасының өмірбаянымен тереңірек танысты.
– Әрине, бұл менің Астанаға бірінші рет келуім емес, – дейді делегация құрамындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы Ақбота Тастанбекқызы Бексейітова. – Бұған дейін де келіп аралағанмын. Дегенмен, бүгінгі сапардың мәні ерекше екендігін айтқым келеді. Кез-келген әсем ғимаратты сырттай тамашалау бір басқа да, оның ішінде болып, құнды мағлұматтар алу бір басқа ғой. Бүгін біз жаңадан ашылған «Назарбаев орталығын» аралап, оның қайталанбас архитектурасына тамсана қарадық. Ал, ең бастысы – мұндағы танымдық мәні зор жәдігерлер, Елбасына байланысты көптеген құнды дүниелер, әлемге әйгілі саясаткерлердің сыйлықтары, қысқаша айтқанда, орталықтағы басқа да жәдігерлер  ешкімді бейжай қалдырмаса керек.
Шынында да, «Назарбаев орталығында» көптеген құнды мағлұматтар алуға болады. Мәселен, Елбасы Тәуелсіздік жылдары 40 кітап жазып, жарыққа шығарса, олар әлемнің 30 тіліне аударылған екен. Мұнда солардың бәрімен де танысуға, оқуға болады. Сондай-ақ, әлемге әйгілі саясаткерлер Билл Клинтон, Борис Ельцин, Сулейман Демирель, Абдулла Гюль, Владимир Путин сынды тұлғалардың Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлаған кітаптары мен басқа да сыйлықтары, мұсылман елдері басшылары сыйға тартқан Құран кітаптары да келушілердің назарын аударары сөзсіз.
Әрине, аталмыш орталықта Елбасына байланысты көптеген жәдігерлер орналастырылғандықтан, бұл Президент мұражайы деген пікір қалыптасуы мүмкін. Шындығында мүлдем олай емес. Астанада Тұңғыш Президент мұражайы бұрынғы ғимаратында орналасқан. Ал, «Назарбаев орталығы» болса, жоғарыда айтып өткеніміздей, ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағарту орталығы болып табылады. Яғни, орталықты аралап, жәдігерлерді тамашалап қана қоймай, танымдық материалдар алуға, көптеген мәліметтерге қанығып, біліміңді жетілдіре түсуге мүмкіндік бар. Сондықтан да, бұл орталықтың Астана тұрғындары үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін өте құнды да қажет ғимарат екендігі дау тудырмайды. Сонымен қатар, өзінің архитектуралық қайталанбас ерекшелігімен дараланып тұрған орталықтың Елордамыздың ажарын аша түсіп тұрғандығы тағы бар.
Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

   Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар