Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сенімді өкілі болдым - АРҚА АЖАРЫ

Сенімді өкілі болдым

 Елбасымен 1990-1994 жылдары он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып жүргенімде алғаш  рет жүздескен едім. Сол уақытта ол Қазақстан Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болатын.

Кейін кеңес үкіметі ыдырады. Еліміз егемендік алып, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет  басшысы болып сайланды. Әр ісіне тиянақтылығы, әсіресе, берген уәдесінің ізін суытпай, бірден іске кірісетін әдеті сүйсіндіретін.
 Тоқсаныншы жылдар еліміз үшін сындарлы уақыт болса да, 1995 жылы облыстық аурухана қабырғасында диагностикалық орталық ашылды. Сонда Елбасы аурухана ұжымымен кездесіп, «Халықтың денсаулығы – мемлекет байлығы» деген ұшқыр ойын айтты. Бұл бізге, дәрігерлер алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын аңғартты. Оның еліміздің шығар белесінің алда екенін айтқан сөзі де жүректе сенім ұялатқан еді. Міне, уақыт өте келе, мұның дүдәмәл сөз еместігіне көзіміз әбден жетіп отыр.
 Елбасының Президент сайлауында жиырма үш сенімді өкілінің бірі болғанымды әлі күнге дейін мақтан етемін. Ол әрдайым әр өңірдің хал-жағдайын сұрастырып,  тұрғындарды толғандырған мәселелер жайлы әңгіме қозғайтын. Сонда ылғи: «Мен сендерді  өңірге барған сәтте тауып аламын!», – деп айтып отырушы еді. Шынымен де, 1999 жылы  Елбасы Абылай хан ескерткішін ашып берді. Сол  сапарында мені іздестіріп, шақыртып алды. Бұл оның есте сақтау қабілеті жақсы, сондай-ақ, өз сөзіне берік адам екенін аңғартады.
Сондай-ақ, онымен 2007 жылы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратының ашылуында тағы жүздескен едім. Кездесуде Елбасы партияның мақсаты мен қоғамдағы рөлін жан-жақты саралап берді. Оған қоса, жастардың еліміздің жарқын болашағы екенін және оларды еңбекке баулып, қиындықтан қашпауға үйретуіміз қажеттігін айтқан-ды.
 Еліміз уақыт өткен сайын нығая түсуде. Ал, мұның бәрі Елбасының  кемеңгер саясатының арқасында жүзеге асып отыр. Соңғы  2012 жылы Көкшетауға келген сәтінде Елбасымыз «Абылай ханның арманын орындадым. Қала салдым. Халық бейбіт өмір сүріп жатыр», –  деп айтқан болатын. Бұл сөздің астарынан  үлкен қабілет пен парасаттылық сезіледі. Әр кездесу кезінде Елбасының кішіпейіл, адамгершілік және ізгілік қасиетіне куә болдым. Ол өзін сарабдал саясатшы, табанды көшбасшы, тұғырлы тұлға екенін әлемдік деңгейде  дәлелдеп келеді.
Болат ЖАНӘДІЛОВ,
Көкшетау қаласының құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар