Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ана тілегіне мұқият азамат - АРҚА АЖАРЫ

Ана тілегіне мұқият азамат

Анасының тілегін берік ұстанған Кенжеболат Сапарұлы Бәпішев алғашқы күнінен бастап қарттар мен мүгедектердің жағдайын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Осы он бір жылының ішінде бұл мекеменің кескін-келбетін адам танымастай етіп өзгертті. Бұрын ескі ғимаратта болатын. Оның тарлығы, бір бөлмеде бірнеше адамның орналасуы түрлі ыңғайсыздықтар туғызатын.

– Апа, мені Астана қаласындағы Қарттар үйін басқаруға жіберіп отыр, – деді Айтуар. Бұл азаматтың шын есімі – Кенжеболат. Ағасы Күнтуар болған соң соған ұқсатып, ата-анасы-мен ауылдастары осылай атап кеткен.
Тоқсаннан асқан анасы Зұлқия шешей, біраз үндемей отырды да: – «Балам, Айтуар, қарттар  үйін басқаруға дедің бе? Сен соны қалай түсінесің? Ол үйді басқаруға бармайсың, ондағы қарттарды аялауға барасың. Олай дейтінім сол қарттардың ең жасы отызыншы жылдардың ішінде дүниеге келгендер. Сол кезде, одан ертерек туғандар заманның ауыр кезеңдерін басынан кешкендер. Олар ашаршылықты, әкелерін «халық жауы» – деп алып кеткенде  жетімдікті, соғыстың  тауқыметін, одан кейінгі ауыр жылдарды басынан  кешкендер. Бүгінде Қарттар үйіне жайдан-жай келіп отырған жоқ. Жұбайларынан, балаларынан айырылып немесе балаларының қатыгездігінен сол үйді паналап отырғандар. Олардың мұңы бір басына жетерлік. Сондықтан, оларды кәрі қойдың жасындай жастары қалғанда ренжітпей, мәпелеп өмірден өткізу сен басқаратын мекеме қызметкерлерінің парызы. Балам, мен сенен осыны қалаймын – деп сөзін түйіндеді қарт әже. 
Анасының тілегін берік ұстанған Кенжеболат  Сапарұлы Бәпішев алғашқы күнінен бастап қарттар мен мүгедектердің жағдайын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Осы он бір жылының ішінде бұл мекеменің кескін-келбетін адам танымастай етіп өзгертті. Бұрын ескі ғимаратта болатын. Оның тарлығы, бір бөлмеде бірнеше адамның орналасуы түрлі ыңғайсыздықтар туғызатын.
2007 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен қаланың шетінде Есіл өзенінің жағасында, табиғаты әсем жерде 400 орындық  жаңа ғимарат салынды. Салу кезінде біраз шаруалар ескерілмеген. Мысалы, олардың біразы арбамен жүретіндігіне қарамастан, тиісті жағдай жасалмаған. Осындай кемістіктер көп болды. Негізінде тапсырма беруші сол ғимаратты   пайдаланатын мекеме болуы керек. Мұнда қаланың басқа мекемесі тапсырма беруші болған. Ғимараттың ішінде біраз өзгерістер жасауға тура келді. Онымен қоса, қосымша ғимараттарының салыну сапасы өте төмен болды. Бұдан үш жыл бұрын  мезгіліне жетпей,  моншаға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Биыл кір жуатын бөлімі осыны басынан кешірді. Шатырдың сапасыздығынан жаңа шатыр салғызып жатыр. Осының арқасында тұрғындарға толық жағдай жасалған. Бөлмелер бір-екі орындық. Мұнда таза төсек-орын, теледидар, тоңазытқыш, үстел, орындықтар қойылған. Жуынатын жер де толық  жабдықталған, тіпті су бүркішке дейін бар. Ыстық, суық сулар тұрақты беріліп тұрады. Тамақ бес мезгіл. Азық-түліктің  барлық түрлері бар. Дәрігерлік көмек тәулік бойы көрсетіліп тұрады. Хауыз, бассейн жұмыс істеп тұр. Емдеу дене шынықтыру бөлмесі жұмыс істейді. Шаштараз қарттардың шашын, сақал-мұртын тегін алып беріп отырады. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бильярд, теннис ойнайтын бөлмелер қарастырылған. Кітапхана, оқу залы жұмыс істейді. Бөлмелердің бәрі жылы. Әлеуметтік қызмет алушылар жұмақта отыр десем  артық айтқандық емес шығар деймін. Мұнда шет елден, республиканың түкпір-түкпірінен жиі-жиі қонақтар келеді. Барлығы таңқалыспен қарап, ризашылықтарын білдіреді.
Осының бәрі басшының сауатты басқаруының арқасында. Кенжеболат Сапарұлының бұл қырын бұрын да байқағанмын. Өткен ғасырдың сексенінші  жылдарының екінші жартысында Ақкөл ауданына  қызметке келдім. Танысу мақсатында қызмет бабымен Жалғызқарағай (ол кезде Приозерный) орта мектебінде болдым. Мектептің қирамаған жері жоқ, шашылып жатыр. Мұғалімдер ұжымы жік-жікке бөлінген, ешқандай тәртіп жоқ. Директорды жедел  ауыстыру қажеттігі туды. Содан осы Кенжеболат Сапарұлын зорлағандай етіп, көндіріп басшылыққа жібердім. Кенжекең кейін маған айтады: барсам сонда менен бұрын істеген төрт директор бар екен, бәрі әйелдер. Әрқайсысы келіп, бірін-бірі  жамандап кетеді. Сосын бір күні барлық ұстаздар қауымын жинап, жаңағы бұрынғы директорларға айттым: «Маған келіп айтқандарыңызды  осында қайталаңыздар» деп. Жұмған ауыздарын ашпады. «Бұдан былай маған келіп, мұндай әңгімелерді  қозғамаңыздар, айтатындарыңызды осындай жиында айтыңыздар» – деп тағы ескерттім.
Осылай бұл кісі менің үмітімді ақтады. Үш жылда мектепті аяғынан тік тұрғызып, тәуірлерінің қатарына қосты. Содан партия, кеңес  қызметтеріне  жоғарылатылды. Онда да абыройлы еңбек етті. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін де сол кезеңнің көш басында жүрді. Жергілікті жерлерде азық-түлік болмай,дүкендер жабылып жатқанда Ақкөл ауданында «Цесна» корпорациясының «Аксна» деген филиалын ашып, халықты азық- түлікпен қамтамасыз етуге тырысты. Аудандағы  жекешелендіру шараларына да  белсенді араласты.
Бұл күнде студенттік кезде танысып, отбасын құрған Гүлнәр Ризабекқызымен үш бала тәрбиелеп өсірген іргелі отбасы. Биылғы желтоқсан айының басында алпыстың асқар шыңына шығып отырған Кенжеболат Сапарұлы артына көз салса, жерлестері үшін, өз отбасы үшін біраз шаруалар тындырған азамат екендігі көрініп тұр. Астана қаласы мен Ақкөл ауданына зор еңбегі сіңді, әлі де бергенінен берері көп тұлға.
Көпшілік жағдайда жоғарыдағы шенеуіктер, белгілі ғалым, ақын-жазушылар мерейлі жасқа келгендерін атап өтуге тырысады. Оған мен қарсы емеспін, олар халықтың өте аз бөлігі ғой. Ал, осы мақаланың кейіпкері сияқтылар біраз бар. Биыл Елбасының ұсынысымен өткізілген «Мерейлі отбасы» байқауы қандай керемет болып өтті. Сол арқылы бүкіл қазақстандықтар біраз үлгілі отбасыларымен танысты. Олардың ішінде  ақмолалық Мұқашевтер  мен астаналық Ахметовтер әулеттері болды. Бұл керемет насихат, онымен қоса  үлгілі отбасы болуға тәрбиелеу емес пе? Ендеше, қарапайым еңбеккерлер мен үлгілі отбасыларын  баспасөз бетінен жиі  көріп отырсақ, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болар еді.
Ойымды қорытындылай келіп, Кенжеболат Сапарұлына баянды бақыт тілеймін әрі Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Қарттарын ардақтай білген елдің рухы биік, мерейі үстем» деген қағиданы орындау жолында әлі де ұзақ жылдар жемісті еңбек ете берсін демекпін.
Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,
Ақкөл ауданының құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар