Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Даму жолымызды айқындайды - АРҚА АЖАРЫ

Даму жолымызды айқындайды

Республикалық ақпараттық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесіп, маңызды құжаттың мазмұны туралы келелі әңгіме өткізді.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров қатысқан кездесуде  Мәжіліс депутаты  Елбасының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып, бұл құжат экономикалық, әлеуметтік, саяси тұрғыдан өзара үйлестірілген, жаһандық дағдарыстың алдын алып, алдағы бес жылдықтарда еліміздің даму жолын айқындайтын бағдар екендігін атап көрсетті.  Оның айтуынша, Ұлт Көшбасшысының кезекті Жолдауы еліміз дамуының жаңа экономикалық бағдарламасы болып табылады. Елбасы Үкіметке алдағы жылы белгіленген барлық әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз ету жөнінде нақтылы тапсырмалар берген болатын.
Сонымен қатар, осынау маңызды құжатта инфрақұрылымды дамытуға зор көңіл бөлініп отыр. Депутаттың сөзіне қарағанда, инфрақұрылым ел экономикасының күре тамыры болып табылады.
– Осыны жете түсінген Елбасы Ұлттық қордан  2015-2017 жылдар аралығында әр жылға 3 миллиард доллардан қаржы бөлмекші. Бұл – автокөлік, әуе, темір жолдары және коммуналдық шаруашылық тәрізді көліктік-логистикалық, индустриалдық және энергетикалық инфрақұрылымдар. Ендігі жерде қаржыларды тиімді жұмсау өзекті мәселеге айналуы тиіс. Бұған Үкіметтен бастап, қарапайым халыққа дейін жауапты болады,– деді Жексенбай Дүйсебаев.
Кездесу барысында халық қалаулысына жиналғандар тарапынан әлеуметтік мәселер жөнінде түйткілді сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Бұдан кейін Қазақстан Рес-публикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев облыс орталығындағы
«Достар» мәдениет сарайында облыс тұрғындары және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, Елбасы Жолдауын жан-жақты талқылады.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар