Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа ғимаратпен мектеп жағдайы жақсара түсті - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа ғимаратпен мектеп жағдайы жақсара түсті

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласындағы №17 орта мектепке салынған қосымша ғимараттың ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі, жүріп-тұру қозғалысында кінәраты бар балалардың медициналық-әлеуметтік мекемесінде болып, қайырымдылық көмек көрсетті.  Сондай-ақ, жаңадан салынған «Ақ желкен» мейрамхана кешенін аралап көріп, облыс орталығындағы болашақ жаңа құрылыстардың орнын белгіледі.

Бұған дейін Көкшетау қаласындағы 540 оқушыға арналған  №17 орта мектепте 1,5 мыңға жуық оқушы қысылып-қымтырылып, екі ауысымда оқып келді. Бұл жағдайдың күнделікті оқу үдерісінде көптеген қиындықтар туғызатындығы белгілі. Осының бәрі ескеріліп, былтыр  мектеп жанынан бастауыш сынып оқушылары үшін жалпы құны 500 миллион теңгеге бағаланған үш жүз оқушылық қосымша  ғимараттың құрылысы қолға алынған еді. Құрылысты астаналық «Қанат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тұңғыш Президент күніне дейін толық аяқтап шықты. Оның ашылу салтанатына ата-аналар, қоғамдық жұртшылық өкілдері, мұғалімдер мен оқушылар көптеп жиналды. Осы қуанышқа орай, сөз сөйлеген өңір басшысы Елбасының сындарлы саясатының арқасында елімізде жылда көптеген мектептер мен бала бақшалардың пайдалануға берілетінін, соның нақты бір көрінісі бүгінгі жаңа ғимарат екендігін баса атап көрсетті.
–  Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың басым міндеттерінің бірі үш ауысымдық оқыту мәселесін шешу деп айтқан болатын. Осы бағытта, біздің облысымызда да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Өйткені, бүгінгі жас ұрпақ – тәуелсіз еліміздің ертеңгі үміт артқан болашағы. Осы орайда, біздің балалар адамгершіліктері мол, білімді, отансүйгіш болып өсулері қажет. Олардың бойларында алдағы күні өз қатарластарымен бәсекеге түсе алатындай зор қабілет-қарым болуы керек. Бүгінгі пайдалануға берілгелі отырған жаңа мектеп ғимаратымен №17 орта мектепте шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру мүмкіндігі арта  түседі деп ойлай-
мын, – деген  облыс басшысы бұдан кейін бастауыш сынып оқушылары Лейла Әнішевамен және Кирилл Лойченкомен бірге жаңа ғимараттың лентасын қиды. Одан әрі оқу бөлмелерін аралап көріп, оқушылардың өнерін тамашалады. Педагогтар ұжымымен кездесу барысында олардың жағдайына назар аударып, жаңа ғимараттың байғазысы ретінде  интерактивті  тақта сыйлады.
Ал, жүріп-тұру қозғалысында кінәраты бар балалардың меди-циналық-әлеуметтік мекемесінде болғанында, ғимараттың жарты бөлігі жеке меншікке берілгеніне қынжылыс білдіріп, тиісті орындарға осы мәселенің анық-қанығына жетуді тапсырды. Бүгінгі таңда, мұнда  91 сырқат балаға медициналық қызмет көрсетіледі. Олардың 19-ы балалар үйінен әкелінген, қалғандарын ата-аналары үйлеріне алып отырады. Араларында ата-аналары, туған-туысқандары ат ізін салмайтын жеткіншектер де бар. Мекеменің әр бөлмесін аралап көрген өңір басшысы педагогтар жұмысының күрделілігіне, мұнда тек қана өз ісіне берілген тәжірибелі әрі қайырымды адамдардың жұмыс істейтіндігіне көз жеткізе келе оларға жүрек жарды алғыс сезімін білдірді. Осы жолы бұл мекемеге де 1 миллион теңгенің  қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Облыс әкімі одан әрі «Ақ желкен» мейрамхана кешенінде болып, осы маңды жаңа құрылыстармен көркейтудің жай-жапсарына назар аударды. Атап айтқанда, тиісті басшыларға ескі жер үйлерді сатып алып, олардың орнына келесі жылы көзделген құрылысты бастауды тапсырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар