Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлықпен күрес күшейтіледі - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлықпен күрес күшейтіледі

Республикалық ақпараттық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  Қайырбек Сүлейменов және Мәжіліс депутаты Жанат Жарасов облысымызға жұмыс сапары барысында құқық қорғау, заң және тағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен кездесіп, Жолдау маңызы жайлы өздерінің ойларымен бөлісті.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Қайырбек Сүлейменов Елбасы Жолдауының маңызды қырлары жайлы айтып берді. Онда бүгінде бүкіл әлемнің жаңа экономикалық қатерлерімен бетпе-бет келіп отырғандығы және онымен күресудің жаңа саяси бағдарлары жайлы ойлар ортаға салынды. Елбасы өзінің бұл Жолдауында әлемдегі геосаяси жағдайдың тұрақсыз болып тұрғандығын, өз кезегінде көп елдердің экономикасын дағдарысқа әкелгендігін атап көрсеткен еді. Сондықтан, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы қазіргі экономикалық қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік беретін бірден-бір саяси бағыт-бағдар болып табылады.
Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі қазіргі құқықтық реформалар жайлы да өз ойын білдірді. Әсіресе, құқық қорғау саласындағы жаңа реформалардың барлығы бүгінгідей қаржылық қиындық туып тұрған кезде жаңаша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, елімізде көптеген жаңа заңдар мен заңнама актілеріне толықтырулар енгізілді.
Ол қоғамды толғандырып отырған жемқорлық дерті жайлы да мәселені көтерді. Өзі төрағасы болып табылатын «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысын да саралады. Осы жылдың наурыз айында Ақмола облысына жүргізілген тексеріс барысында жемқорлықпен күрестің кемшін түскені анықталған еді.
Ал, Елбасы Жолдауынан туындайтын ұлттық қауіпсіздік мәселесі  жөнінде Қазақстан Респуб-
ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Жарасов сөз сөйледі. Оның айтуынша, қазіргі экстремизм мен терроризм қылмыстары асқынып, қоғамдық тұрақтылыққа кері әсері тиіп отырған  мұндай көріністердің жолын кесу үшін көп жұмыс істелініп жатқандығы аталып көрсетілді. Өйткені, діни экстремизм бүгінгі күннің аса өзекті мәселесіне айналып отыр. Онымен бүкіл жұртшылық болып күресудің маңызы зор. Бұған құқық қорғау органдары да жан-жақты атсалысуы керек.
Облыс әкімінің орынбасары Дулат Нұрмолдин облысымыздың экономикалық көрсеткіштері туралы хабардар етті. Елбасы Жолдауында назар аударылған жаңа индустриялық даму бағдарламасына орай жүргізілетін шараларды да айтты. Қазірдің өзінде 105 миллиард теңгенің 44 инвестициялық жобасы жүзеге асырылған. Бұл бес мыңнан аса жаңа жұмыс орнының ашылуына негіз болды. Сонымен қатар, облысымыздағы экономикалық және саяси ахуалдың тұрақты екендігі баса айтылды.
Елордадан келген меймандарға әртүрлі сауалдар да қойылды. Онда қазіргі қылмыспен күресу және жемқорлықтың жолын кесу мәселелері айтылды. Олардың барлығына толымды жауаптар қайтарылды. Бас қосу соңында облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Жайлаухан Халықұлы республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшелеріне
Елбасы Жолдауы жөніндегі мазмұнды әңгімелеріне өзінің ризашылығын білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар