Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тоқсанды көрген ардагер - АРҚА АЖАРЫ

Тоқсанды көрген ардагер

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов  соғыс және еңбек ардагері Александр Кияткинді 90 жасқа толуына байланысты үйіне барып құттықтап, облыс әкімінің  құттықтау хаты мен  ақшалай сыйлығын тапсырды.

Александр Тимофеевич Зеренді ауданындағы Серафимовка селосының тумасы көрінеді. Балалық шағында Қойсалған ауылына барып, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинмен бірге асық ойнағанын күні бүгінге дейін мақтаныш тұтады. Кейін Көкшетау қаласында жеті жылдық мектепті тәмамдапты.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Көкшетау аспап жасау зауытында жұмыс істеп жүрген кезінен әскер қатарына алынады. Сөйтіп,  екінші Беларусь майданындағы ұрыстарға қатысқан екен. Кейін бірінші Беларусь майданына ауыстырылып, Минскі мен Могилевты жаудан азат етіп, Эльба өзеніне дейін барды. Майданда көрсеткен ерліктері үшін екінші және үшінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, бірқатар медальдармен марапатталған.
Жеңіс солдаты  өзінің кір жуып, кіндік кескен туған жеріне тек 1947 жылдың
наурызында оралды. Әскер қатарынан келе салысымен қайтадан  Көкшетау аспап жасау зауытына жұмысқа орналасып, учаске шебері, цех бастығы, зауыттың мәдениет үйі, паркі мен стадионы директорының қызметін атқарады. Бүгінгі таңда, ерлі-зайыпты Александр мен Полина Кияткиндер өз еңбектерінің зейнетін көріп, бала-шағаларының ортасында  бақуатты өмір сүруде.
Ардагерді құттықтау кезінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбутәліпов те бірге болды. Бұл күні сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Жақитова мен «Тыныс» акционерлік қоғамының бөлім басшысы Ботагөз Сәдуақасова да мерейтой иесін 90 жылдығымен құттықтай келіп, гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын  табыс етті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар