Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы туралы киноэпопеяның жаңа бөлімінен алған әсеріміз өте мол - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы туралы киноэпопеяның жаңа бөлімінен алған әсеріміз өте мол

дейді ақмолалық көрермендер

Көрермендермен бірге Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірілген «Тығырықтан жол тапқан» фильмін мен де тамашаладым.

Онда Елбасының 1970-ші жылдардағы еңбек жолы, саясатқа енді ғана қадам басқан сәттері тамаша суреттелген. Ұлт Көшбасшысының ерен еңбегі жайында баяндалатын бұл фильмді жас-тар көріп, үлгі-өнеге алулары қажет. «Ұяда не көрсең, ұшарда соны ілерсің» демекші, фильмде отбасы тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев анасының «Сен халық үшін жаратылған адамсың» деген сөзін күні бүгінге дейін есінен шығармағаны сүйсіндіреді. Бойына әкесінің батылдығы мен анасының ақылдылығы дарыған деген ой түйдім. Өз қара басының қамынан гөрі қоғамның мүддесін жоғары қояды. Өз басым бұны тектіліктің нышаны деп білемін. Елбасының өз әжесі мен ата-анасынан алған жақсы тәлім-тәрбиесі жастайынан қоғам қайраткері болып қалыптасуына мол ықпалын тигізді. Анасы қайтқанда қайғырғаны, көзінен мөлтілдеп жас шыққаны кімді болмасын толғандырмай қоймады.
Елбасы Теміртау металлургиялық комбинатының парторгы бола жүріп, Қарағанды облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының қолынан келмей жүрген үлкен проблеманы шеше алды. Оның  «Правда» газетіне жазған сын мақаласы партияның орталық комитетінде талқыланып, теміртаулықтарға қолайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасалды. Сол кезде шындықты айтып, мәселе көтеру екінің бірінің қолынан келмейтін. Ол үшін тек үлкен жүрек, батылдық  қажет болатын. Сөйтіп, өз кәсіпорнын жан-тәнімен  сүйетін қарапайым парторгты бүтін қала тұрғындары мақтан тұтты. Ұлт Көшбасшысының бұл игілікті ісі қазіргі әкімдер мен басшыларға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын. Өйткені, басшылар отансүйгіштіктерін  нақты істерімен дәлелдеп, халық үшін беріле қызмет етулері қажет.
Зере ҚИЫҚОВА,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы.

Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың замандасы ретінде Елбасымен мақтанамын, оған деген сүйіспеншілігім шексіз.

Шіркін, өнердің аты қашан да өнер ғой. Біздің жерлесіміз Нұрлан Әлімжанов Мемлекет басшысының, яғни, асқаралы тұлғаның бейнесін дөп басып сомдау үшін көп ізденген екен. Фильмнен аңғарғанымыздай, бар кәсіби шеберлігін салып, аса зор жауапкершілікпен ойнап шыққан. Өзім актер ретінде ең алдымен осыны байқадым.
Жалпы, киноэпопеяның барлық бөлімдерінен Елбасының қайратын, жігерін, қайсарлығын, көрегендігін, кемеңгерлігін аңғара отырып, осындай заңғар тұлғаның біздің елде ғана барына қуанасың.
Фильмді мектептерде көрсетіп, оқушыларға түсіндіре отырып, талдатса,  елімізде нағыз патриот, Отанына, туған жеріне адал азаматтар өсіп шығатыны сөзсіз. Сындарлы тарихтың сынына төтеп беріп, өз елі үшін неге де болса дайын жас Нұрсұлтанның Теміртаудағы зауытта орын алған қиыншылықтар мен ауыртпалықтарды, кадрлардың тұрақсыздығын ашынып жазған мақаласының соңы қалай болары оған белгісіз еді. Бірақ, оның айтқанынан қайтпайтын қайсарлығының арқасында халыққа қолайлы жағдай жасалды.
Сюжет соңындағы Елбасының толғамдары мен анасы туралы ойларынан кейін әрбір ана «менің де балам осындай болса ғой» деп армандайтын шығар.
Жібек БАҒЫСОВА,
Қазақстанның халық әртісі.

«Елбасы жолы» киноэпопеясының заңды жалғасы «Тығырықтан жол тапқан» фильмін тамашалаған кез-келген адамның бойында туған елге деген сүйіспеншіліктің арта түсетіні сөзсіз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сонау Теміртау Магниткасындағы жұмысшылардың хал-ахуалы мен әлеуметтік жағдайының жақсара түсуі үшін түрлі қиыншылықтарға мойымай, тайсалмай еңбектенгенінен, зауыттағы партия ұйымының хатшысы ретінде ұйымдастырған қажырлы жұмыстарынан, әр іске зор жауапкершілікпен қарағанынан біздер үлгі-өнеге алуымыз қажет. Оның бойындағы адалдық пен қайсарлық, адамгершілік сияқты қасиеттер бүгінде әркімнің бойынан табылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Сол кездегі одақтың басты басылымы «Правдаға» ақиқатты ашып жазып, сол арқылы қарапайым халықтың жағдайына Мәскеудің назарын аудартуға да үлкен жүрек керек қой. Тек осы батыл әрекеттен кейін ғана қалада әлеуметтік нысандар салынып, кеншілер қаласы Теміртаудың тамырына қан жүгіре бастады. Біз бұл жерден қазіргі Елбасының нағыз саяси көшбасшылық қасиеттерінің қалыптаса бастағандығына куә боламыз.
Фильмнен көшбасшының отбасына, жарына, балаларына деген махаббаты, зауытта бірге қызмет атқаратын әріптестеріне деген сыйластығы, әділдігі сюжет желісінде шынайы көрініс  тапқан және оны жерлес актер Нұрлан Әлімжанов асқан жауапкершілікпен сомдай алған. Тарихтың ащы шындығын, әсіресе сол бір отты кезеңдердегі дін мәселелерін, атап айтқанда, Алланың үйін қорлау, оны отқа орап, жағып жіберу, намаз оқығандарды адам құрлы көрмей, оларды төпелеу жанды түршіктіретін көріністер. Бұл тарихтың ақтаңдақтарын ешкім ұмытпайды.
Елбасының анасына, анасының баласына деген махаббаты, мейірімі, сүйіспеншілігі, сағынышы барша көңілді толқытты. Бұл көріністерден ана атаулының бала үшін неге де болса дайын, одан үлкен үміт күтетіндіктерін көруге болады.
Тарихтың сан қырлы толқындарында кездес-кен ауыртпалықтарды жеңе білген Елбасыны біз орынды мақтан тұтамыз. Фильмнен алған әсерім мол, бұл керемет туынды.
Қасымжан ТӘШМЕТОВ,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Елімізде 2011 жылдан бері  «Елбасы жолы» киноэпопеясы түсіріліп келе жатыр. Бұған дейін «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен», «Теміртау» туындыларын көріп, сүйсініс танытқан едік.

Енді міне, «Тығырықтан жол тапқан» фильмін тамашаладық. Алдыңғы фильмдерде Елбасының балалық және жастық шағы, азамат болып қалыптасуы көрсетілсе, бүгінгі фильмде оның қарапайым халық үшін жасаған сан қилы әрекеттері суреттеледі. Сол кезде Теміртау қаласында бала бақша, аурухана мен спорт кешендері жетіспеді. Бұл мәселелерді металлургия комбинатының парторгы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-ның бас газетінде көтеріп, жағдайдың оң  шешілуіне ықпал етті. Шындықты жария етуден қорықпады. Бүгінгі таңда да Елбасымыз халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын басты назарда ұстап келеді. Оны Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері дәлелдей түседі. Өз басым Теміртау қаласында болып, сол кезде салынған әлеуметтік нысандарды көзіммен көргенімді айтқым келеді. Алып құрылыстардың бой түзегені көңілге қуаныш ұялатады. Бұл қаланың болашағы зор екендігі сөзсіз.
Әр адам өз анасын ардақтайды ғой. Елбасы анасының қазасына қайғырғанда менің көзіме де мөлтілдеп жас келді. Бұл фильмді Кеңес дәуірінде өмір сүрген аға және одан кейінгі ұрпақтар жақсы түсінсе, кейінгі жастардың түйсіктеріне кірмеуі де мүмкін. Осы орайда, «Өткен тарихын білмегендердің болашағы бұлыңғыр» деген қағиданы ұмытпағанымыз жөн. Отансүйгіштік пен еңбекқорлыққа толы бұл фильмді жастардың назарына ұсыну қажет. Біздің бәріміз Елбасының өмірі мен қызметін үлгі-өнеге тұтуымыз керек. «Өз Президентін сыйлаған елдің болашағы жарқын» демекші, әлі де болса  Елбасының маңына берік топтаса түсуіміз қажет.

Бауыржан ҒАЙСА,
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

Түркістан-Сібір темір жолын салу кезеңіндегі сюжеттерден бабаларымыздың ділі мен дініне адал болғанын көруге болады.

Ұлы тарихи тұлға Мұхамеджан Тынышбаевты көрсететін эпизодтан-ақ осы жайды аңғарасыз. 
 «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен», «Теміртау» фильмдерінің жалғасы  «Тығырықтан жол тапқан» фильмінен негізінен, Теміртауда жатқан кенді өндіріп, зауытты сақтап қалуға, сол зауытта қызмет етіп жүрген халықтың жағдайын жасап, оларды сол жерде тұрақтатып қалдыруға, жалпы айтқанда, өз елін дамытуға әрекет жасаған жас Назарбаевтың бейнесін көреміз.
Елбасы сол кезде партия ұйымының хатшысы болса да, өзінің қайдан шыққанын ұмытпағаны, адами қарапайымдылығы, кісілігін тамашалай бергің келеді. 1971-1977 жылдар аралығын қамтитын бұл фильмнен Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт Көшбасшысына тән қасиет қалыптасып, шыңдала түскен өмір кезеңінің үзіндісін, сол кездегі портретін көре алдық.

Құралай ЫДЫРЫСОВА,
Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар