Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өгей ұлдары ғана менсінбейді - АРҚА АЖАРЫ

Өгей ұлдары ғана менсінбейді

Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді. Бұл әрі ата-баба  алдындағы ұлы парызымыз іспеттес. Сондықтан, әркім өз ана тілі арқылы өзгені танып, рухани кемелденетіні анық.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік тілді дамытудың аса маңызды екенін айтумен келеді. Тілді дамыту жөніндегі  бағдарламада да мемлекеттік тілдің мәртебесін іске асыру оның қажеттігімен айқындалады деп көрсетілген. Бұл талап-ережелер  біздің Ата Заңымыздың 7-бабының 1-тармағында көрініс тапқан. Онда, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген, ал, «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңының 4-шi бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Сонымен бiрге, Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни, қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi» екені айқындалған.
Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Әркімнің ана тілі  мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы  бар екенін бәріміз білеміз.
Ұлы жазушымыз Ғабит Мүсiрепов айтқандай «Сол тiлдi жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгiнгiсiн де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгiлiгiнiң мәңгiлiк белгiсi – Ана тiлiн тек өгей ұлдары ғана менсiнбейдi, өгей ұлдары ғана аяққа басады» деген екен. Ана тiлiмiздiң өгей ұлдары емес, өзегiн жарып шыққан туған ұлдары болайық дегiм келедi.
Біз, ана тілін өзіміз ғана біліп қоймай, әртүрлі мемлекеттік органдарда, соның ішінде сот орындарында да оны дамытуға барынша мән бергеніміз жөн. Әсіресе, сот процестерінде әркім сот мәжілісін қай тілде жүргізуді өзі талап ете алады. Осылай мемлекеттік тілдің аясы сот құжаттарында да кеңейе түсуге тиісті.

Әсемгүл ӘУБӘКІРОВА,
Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған
ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар