Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көп керегіміз мұрағатта - АРҚА АЖАРЫ

Көп керегіміз мұрағатта

ХХІ ғасырдағы жаһандық даму ақпарат кеңістігін де толассыз дерек көздерімен толықтыруда. Әсіресе, мұражай, мұрағат және кітапхана сияқты мекемелерде заманауи  технологиялар енгізіліп, ақпарат алу арнасы жеңілдей түсті.

Облыстық мұрағаттың ұлттық қорында  тарихи  жәдігерлерден бөлек, сирек кездесетін фотоқұжаттар да баршылық. Мұндай суреттер зерттеушілер мен ескінің көзін іздеген жандарды қатты қызықтырады. Облыстық мұрағатшылар тарихымыздың куәсі болар түпнұсқаларды аса ұқыптылықпен жинақтап, өскелең ұрпаққа мұра ретінде сақтап келеді. Себебі, мұндай әрбір суреттер тарих тағылымын ұғынудың бір бөлшегі саналады.
Бүгінгі күнде қордың еншісінде 8446 құжат бар. Оның  8297-сі фото, 149-ы фоноқұжаттар болып табылады. Ең ертеректегі фото құжаттарға 1910 жылғы киіз үйдің  ішкі бұйымдарының және патша атқамінерлерінің байдың үйінде қонақта болған көріністер жатады. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы фотосуреттердің де тарихи құндылығы жоғары. Онда Көкшетау қаласы бекетінде алғашқы паровозды қарсы алу рәсімі,  Қопа көлі мен қаланың жалпы көрінісі бейнеленген. Бұл фотосуреттер әрбіреуімізге өлкеміздің сан тараулы тарихын баян етеді.
 Осы ретте, аймақтық сақтандыру кассасының 4-ші пленумында түсірілген ұжымдық фотосуреттер назар аударуға тұрарлық құжаттардың бірі. Егер мұрағат құжаттарын ақтаратын болсақ, «1917-1936  жылғы мемлекеттік мекемелердің тарихы» оқу-әдістемелік құралынан  сақтандыру кеңестері одақтық республикалардағы Халық қаржы комиссариатының  жанында жұмыс істегенін білуге болады. Аталмыш мекеменің негізгі бағыты сақтандыру саясатындағы келелі мәселелерді шешіп, сақтандыру ережелерін сақтау болған екен. Мұрағаттағы фотосурет осы жайдың сырын ашып береді. Сондай-ақ,  Ақмола қаласының көне ғимараттарының фотосуреттері де ерекше қызығушылық тудырады.
Ал,  тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде түсірілген фотоқұжаттардың жинағы Ақмола, Көкше өңірлерінің  мол тарихынан сыр шертеді. Мәселен, Н.Байчиков, Қ.Балахметов, А.Сағитов, бұрынғы  Кеңес Одағының өзге де көрнекті қоғам қайраткерлері, Социалистік Еңбек Ерлері, танымал ғалымдар мен соғыс және еңбек ардагерлерінің жеке және топтасып түскен фотоқұжаттары қорда мол. Осы орайда, Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің бас хатшысы Никита Хрущевтің Шортанды ауданында ауыл шаруашылығы техникасымен танысу кезінде  түсірілген  фото құжаттың жөні бөлек. Сонымен қатар, Польша елінен  Бурабайға келген делегация өкілдерінің табиғат аясында түскен суреттері де бар.
Жыл сайын мұрағат қоры жаңа дүниелермен толығу үстінде. 2006 жылы  Астана қаласынан дыбыс-бейне жазбасы көшірілген болатын. Қазіргі кезде мұражайлар мен мұрағаттардың негізі қызметі ең алдымен, мәдениет  ошақтары қорларының құнды құжаттарын жинақтап, оны сақтап, келер күнге дұрыс жеткізу болып табылады.  Осы мәселе төңірегінде мемлекеттік мұрағат ұжымының қызметкерлері  нәтижелі еңбектерімен  көріне береді деген сенімдемін.

Гүлбаршын САЛЫҚ,
 Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағатының  директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар