Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мерейлі міндет жолында - АРҚА АЖАРЫ

Мерейлі міндет жолында

Құрметті прокуратура органының ардагерлері! Құрметті әріптестер!
Сіздерді 6 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының  мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Прокуратура  еліміздегі заңдардың орындалуын қадағалайтын негізгі орган болғандықтан, өзіне жүктелген міндеттерді асқан жауапкершілікпен орындауды мақсат етеді. Ең алдымен, әділ қадағалау құзырын жүргізе отырып, Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, заң күзетінде тұру және мемлекет мүддесін қорғауға барынша назар аударады. Осы шаралардың арқасында  қарапайым азаматтардың конституциялық құқығын қорғау арқылы заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге,  мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығын сақтауға қатысты  заң бұзушылықтарға жол бермеудің келелі міндеттерін ерекше назарда ұстап келеді. Қоғамның ең басты байлығы – адам десек, оның құқығы мен еркіндігін қорғауға деген мақсат-мүдделер әрқашан да биік тұрады. Бұл тұрғыда Ақмола облыстық прокуратурасы жыл басынан бергі кезеңде 22 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады. Оның ішінде  200 миллион теңге көлемінде жалақы қарызы қайтарылып, 2807 адамның еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
Бүгінде бізге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ел халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді орындау жауапкершілігі жүктеліп отыр. Бұл құжат қазіргідей әртүрлі жаһандық дағдарыстар кезінде дамуымыздың айқын бағдарын ұсынғаны белгілі. Сондықтан, прокуратура органдары бұл істе заң қорғау және оның сақталуын қамтамасыз ету тұрғысында өз қызметін лайықты атқара беретін болады.
Мен бүгінгі мерейлі мереке күні барша әріптестерімді осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтап, отбас-тарына амандық-саулық тілеп, ел мүддесі жолында мерейлі қызмет ете беріңіздер дегім келеді.
Мұратбек ИСАДИЛОВ,
Ақмола облысының прокуроры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар