«Нұр Отан» партиясы қолға алған «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы өңірде белсенді түрде іске асырылуда.
Жуырда партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ермек Нұғыманов бірқатар соғыс және еңбек ардагерлерінің үйлерін аралап, оларға тиісті құрмет көрсетті. Кезінде елге еңбегі сіңген қарттардың тұрмысымен танысқан аудан әкімі ардақты жандарға бейбіт өмір сүріп жатқан азат ұрпақ атынан шексіз алғыс айтты, партияның сый-сияпаттарын табыс етті. Соғыс және еңбек ардагерлері Бакша Букурова, Рәшида Әбжәлімова, Ирина Володченколар осынау бір риясыз ықыласқа өздерінің ризашылықтарын білдірді.
Аталмыш партиялық жоба шеңберінде өңірде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әлеуметтік картасы жасалып, оларға тиісті қамқорлық көрсету мақсатында партиялық еріктілер де бекітіліп, жұмыс істеуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.