Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ғасыр дерті алаңдатумен келеді - АРҚА АЖАРЫ

Ғасыр дерті алаңдатумен келеді

«Көкшетау» мәдениет сарайында облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен күрес және оның алдын алу орталығының ұйымдастыруымен дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне байланысты қорытынды акция болып өтті.

Жиында сөз сөйлеген облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының бас дәрігері  Марат Әмірин қоғамды аурудан сақтанып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Оның айтуынша, осы айлық ішінде облыс бойынша көптеген семинарлар, дөңгелек үстелдер, сондай-ақ, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында ең жақсы бейнебаян, сурет аталымында конкурстар өткізілген көрінеді. Бұл шаралар негізінде жастарға ауру жайында жалпы ақпарат беріп, оның зардабын ұғындыру үшін маңызды екенін сөз етті. Себебі,  насихат жүргізу арқылы жастарды осы аурудың құрығына түсуден сақтауға болатындығы белгілі.
Осы орайда, бас дәрігер айлық аясында өткен шараларға белсенді қатысқаны үшін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев пен Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Ерлан Нұрсейітовті Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, аталымдар бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен  бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Кеш барысында залда жиналған жастармен түрлі ойындар өткізіліп, оларға сақтық шаралардың жолдары түсіндірілді. Жиын соңында көрермендер назарына концерт ұсынылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар