Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар жүрегіне жол тапты - АРҚА АЖАРЫ

Жастар жүрегіне жол тапты

Тұңғыш Президент күні мерекесі аясында ұйымдастырылған шарада  өңірдегі этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері Мемлекет басшысының еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан баға жеткізгісіз үлесін тілге тиек етті.

Шараға облыс орталығындағы әскери бөлімінің сарбаздары мен Көкшетау техникалық институтының курсанттары, қаладағы жоғары және орта оқу орындарының студенттері қатысты. Жиын тұңғыш Президенттің саясаткерлік қырын жан-жақты ашқан деректі фильммен басталды.
Бұдан кейін облыстық қорғаныс істері департаменті басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, подполковник Қуанышбек Кәмәлиев сөз алып, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі қорғаныс саласын бәсекеге қабілетті етудегі рөліне тоқталды. Отанды қорғау үшін кез-келген мемлекеттің мықты армиясы болуы қажеттігі белгілі. Бұл бағытта Президент әскер әлеуетін арттыруға көп күш жұмсауда. Қазір аталған құрылым мықты техникамен жарақтандырылып, офицерлік құрамның сапалық деңгейі арта түсуде. Ал, ол өз кезегінде Қарулы Күштер беделінің артуына оң әсер етіп жатыр. Соңғы жылдары Отан алдындағы борыштарын өтеуге жастар тарапынан ынта-ықылас арта түсуде. Подполковник сарбаздардың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жөнінде өз ойын ортаға салды.
Осы орайда, қазақы тәрбиенің ошағы – Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінің студенті Лада Горошко Елбасының Қазақстанды әлемге бейбітсүйгіш ел ретінде танытқан еңбегін ерекше атап өтті. Өзі теріскей өңірде өскен поляк ұлтының өкілі болса да, Лада мемлекеттік тілді білуді өзінің азаматтық парызы санайды.  Патриот азаматша Ұлт Көшбасшысын  қазақстандықтар арасында дара тұлға ретінде бағалайтынын жеткізіп, онымен мақтанатынын айтты.
Бұл шарада өртке оранып жатқан үйден бүтін бір отбасыны алып шығып, Президенттің қолынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін алған Юрий Новосельцев  та Көшбасшымен болған кездесуден алған әсерімен бөлісті.  Бүгінгі заманның қаһарманы ретінде ол жастарды отаншыл болуға, өзгелерге қашанда қамқорлық танытып жүруге шақырды. Оның ойынша, патриотизм дегеннің өзі жай ұран болып қалмай, игі істер арқылы көрініс тауып отыруы керек.  Аталған шара Достық үйіндегі этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері және қаладағы  оқу ордалары өнерлі шәкірттерінің  қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар