Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жерлестерінің Даңқты спортшыға лайықты құрметі - АРҚА АЖАРЫ

Жерлестерінің Даңқты спортшыға лайықты құрметі

Ақмолалықтардың өз жерлестеріне деген шынайы ықыласын білдіретін «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағы даңқты шаңғышы, Олимпиада чемпионы, жерлесіміз Владимир Смирновқа биыл Ақмола облыстық мәслихатының шешімімен берілген болатын. Облыстық әкімдікте өткізілген  кезекті аппарат кеңесі облыс әкімі Сергей Кулагиннің  саңлақ спортшыға осы атақтың лентасы мен куәлігін және арнайы төсбелгісін тапсырудан басталды.

Өңір басшысы өз кезегінде Владимир Смирновтың ел спортына сіңірген орасан зор еңбегін айта келіп, шаңғыдан 50 шақырым қашықтықта Олимпиада чемпионы атанған ұмытылмас сәттерді еске алды. Атақты жерлесіміз болса, өз сөзінде спорттағы жетістіктерін жоғары бағалаған ақмолалықтарға шын жүректен алғыс сезімін білдіріп, алдағы уақытта да туған Қазақстанының осы саладағы беделіне өз үлесін қоса беретіндігін жеткізді.
Бұдан кейін Сергей Кулагин аппарат кеңесіне қатысушыларға Қазақстан Рес-публикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бо-йынша департаментінің басшысы болып тағайындалған Нұржан Әзімханұлы Исақовты, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің
басшысы болып тағайындалған Ерлан Оразұлы Хасеновты және Ақмола облыстық «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы болып тағайындалған Валентина Викторовна Косянюкті таныстырды.
Аппарат кеңесінің күн тәртібіне өңірдің биылғы жылғы инфляция жағдайы, апаттық жағдайларды ескерту шаралары, автокөлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қыс айларында жолдарды күтіп ұстау жөнінде мәселелер енгізілді. Алғашқы мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров баяндама жасады. Өңірде жыл басынан бері тұтынушылық бағаның өскені байқалады. Мәселен, та-
уарлар мен қызметтер бағасы ақпан, сәуір, тамыз және қараша айларында біршама өскен. Әсіресе, бұл құбылыс күріш, ұн, тоқаш, ұн мен кондитерлік өнімдер, құс еті, шұжық өнімдері, балық, жеміс пен көкөністер, фармацевтикалық өнімдер, тұрмыстық техника, стоматологиялық қызмет, білім беру бағасы мен транспорт тарифінен байқалады. Облыс басшысы бағаның негізсіз өсуін тежеу үшін аудан мен қала әкімдеріне рынокты тауарлармен байыту шараларын жедел қолға алуды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар, сондай-ақ, азық-түлік емес тауарлар тобы бағасының жағдайына күн сайын мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Тиісті департаменттер мен басқармалар басшыларына бекітілген тәртіпте азық-түлік тағамдары мен қызметтер бағасын реттеу жұмысын міндетті түрде жандандыру қажеттігін қадап айтты. Сондай-ақ, тиісті департамент пен басқармаларға фармацевтикалық препараттар мен стоматологиялық қызметтер бағасының көтерілуінің негізін қарап, қажетті жағдайда тиісті шаралар қолдануды жүктеді.
Одан әрі облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басшысы Арман Әбдіхалықов, облыстық жолау-шылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Асқар Мұратұлы, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Қайрат Керебаев апаттық жағдайды ескерту шаралары, автокөлік қозғалысының қауіпсіздігі және қыс айларында жолды күтіп ұстау жөнінде хабарлама жасады. Қыс түскеннен бері өңірдің автокөлік жолдарындағы қозғалыс 6 рет жабылған. Облыс аумағының 119 учаскесін немесе 665,2 шақырымын қар алатын көрінеді. Оның 19 учаскесі республикалық, 29 учаскесі облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына жатады.
Облыс әкімі аудан мен қала әкімдеріне облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасымен және «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы облыстық филиалымен бірге ауа райының өзгеруін бақылап, автокөлік жолдарын әсіресе, автобус жиі қатынайтын күре жолдарды қардан аршу мен күтіп ұстау бойынша техникалық шараларды ұйымдастырудың барлық кешенін жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл бағытта қыс айларында төтенше жағдай туындаған кезде инженерлік және қардан аршитын техникаларды тарту бойынша шаруашылық субъектілерімен меморандум жасалатын болды. Қауіпті автокөлік жолдары учаскелерінде жанар-жағармай мен өзге де қажетті қор жасау, жылынатын пункттерге тұрақты бақылау жасауды қамтамасыз ету мен қауіпті автокөлік учаскелерін қадағалау, жылу, энергия, коммуналдық жүйе сияқты маңызды нысандар жұмысына күн сайын мониторинг жұмысын жүргізу тапсырылды. Қыс айларындағы ауа райының қолайсыздығына байланыс-ты автокөлік жолдары бойындағы қозғалыс тоқтатылатын болды. Облыстық техникалық тіркеу және метрология департаменті «Қыс» маркалы өңірде сатылатын жанар-жағармай мен оның сапасын ерекше бақылауды қолға алды. Кеңесте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығын лайықты қарсы алу жөнінде міндеттер жүктелді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.       

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар