Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тыным таппайды - АРҚА АЖАРЫ

Тыным таппайды

Воздвиженка ауылдық округінде қарт механизатор Рудольф Шлякты білмейтін адам жоқ шығар, сірә.

Түрлі техниканы меңгерген маманның 57 жылдан асатын еңбек өтілі  жұмысқа келген жас жігіттерге үлкен өнеге дерлік. Осы жылдар ішінде ол «Еңбек Даңқы» орденін, көптеген медальдарды кеудесіне тағыпты. Рудольф ақсақалдың жасы қазіргі кезде 71-де. Күні бүгінге дейін ол басты науқандар кезеңінде жер жыртып, егін орады, одан қалды, қырманда астық тиеуге  үнемі қол ұшын беріп жатады. Биыл да Рудольф Карлович «Ақтық» агрофирмасының қырманында толассыз жауған жаңбырдан астықтың күйіп кетпеуі үшін бар күш-жігерін сала еңбек етті.

– Жұмыстан қол үзбейтін кісілер аз да болса біздің арамызда баршылық, – дейді шаруашылықтың бас агрономы Қалимолла Рақымжанов. – Қыста құм карьерінде жұмыс істейтін майталманымыз тағы да осы Рудольф  Шляк. Бұл кісілер жұбайы Вера екеуі немере түгілі, шөбере көріп отырған жандар. Айтты айтпады, 22 немересі, 2 шөбересі бар екен.
– Балалардың ортасында рахаттанып дем алмайсыз ба? – деген сауалымызға ол бір күліп алды.
– Үйренген ұжым, айдауыма көнетін техниканы қалайша қиямын. Жұмыссыз адам тез шаршайды және қартайғанын да білмей қалады. Менің жігерімді жанитын – еңбек. Сондықтан, одан қол үзгім келмейді. Расында, сөзі сөзі-ақ емес пе ардагердің!..
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Суретті түсірген автор.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар