Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік салаға басымдық берілді - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бесінші шақырылған  облыстық мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясы болып өтті. Сессияда 2015-2017 жылдарға арналған  облыстық бюджеттің жобасы және тағы басқа да мәселелер қаралды. Сессия жұмысына облыс әкімі Сергей Кулагин, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жабал Ерғалиев пен Рәшит Әкімов қатысты.

Сессияға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, аудандар мен қалалардың әкімдері, аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияда алдымен, облыстық мәслихаттың хатшысы Нина Дьячек сенатор Жабал Ерғалиевқа «Мәслихаттарға 20 жыл» мерейтойлық медалін  табыс етті.
Сессияда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы туралы баяндама жасады. Баяндамада келер жылы бюджеттің кіріс бөлігі
83 462 382 мың теңгені, ал, шығындар 82 688 305 теңгені құрайтындығы атап көрсетілді. Облыстық бюджеттен қалалық, аудандық бюджеттерге  бөлінетін субвенция 20 954 375 мың теңге шамасында болып отыр.
Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан депутат, облыстық мәслихаттың экономика және бюджет  мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Анатолий Куликов бюджет жобасының 57 пайызының әлеуметтік салаға бағытталғандығына баса назар аудара келе, оны мақұлдауды сұрады.  Ал, өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жай-күйін баяндаған  облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова бұл бағытта 22452 студент білім алатын 42 білім ошағының барын айтты. Оның он бесі жеке меншіктегі колледждер. Бұл орта білім мекемелері оқушыларды 94 кәсіп пен 139 біліктілік бойынша оқытуда.  Аталған сала бүгінгі таңда тек мектеп бітіргендерді ғана емес, жұмыссыз жүрген азаматтарды да қайта даярлауды қолға алған. Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында аймақтағы 31 колледжде 688 аймақ тұрғыны түрлі кәсіпті меңгеруде.  Бұл салада да қордаланған мәселелер жетерлік. Білім ошақтарының көбінің ғимараттары күрделі жөндеуді қажет етеді, материалдық-техникалық база ескірген, нақты мамандықтар бойынша әдебиеттер тапшы, мекемелердегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік дұрыс жолға қойылмаған. Соның салдарынан, жұмыс берушілердің есебінен оқитындар саны аз, еңбек нарығындағы орта білімділер мен жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс пен ұсыныс бір-біріне сәйкес келмей отыр.
Оның үстіне, бұл білім мекемелерінде жатақханалар жетіспейді, Еңбекшілдер, Жақсы, Жарқайың, Бұланды аудандарында колледждер атымен жоқ. Бұл мәселе бойынша жарыссөзде депутат, «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнел Ерденова, Астрахан аудандық мәслихатының депутаты, аудандағы №6 колледждің директоры Валентина Быстрицкая, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы Қайрат Ауғалиев сөз алып, қаралып отырған жағдайды өз өңірлерімен байланыстыра отырып, жан-жақты саралады.
Бұдан кейін депутаттық сағатта қаралған 2011-2015 жылдарға арналған облыс  аумақтарын дамыту бағдарламасы мен облыстағы тірек ауылдар және елді мекендерді дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту, облыстық тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі жөніндегі облыстық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізу мен облыстық мәслихаттың құрылымы мен штатын, аппаратты ұстауға кететін шығындарды және оның келер жылға жоспарын, облыс-ты басқару сызбасын бекіту туралы мәселелер қаралды. Сессияда сондай-ақ, облыс орталығындағы Северная көшесіне Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты Сәкен Жүнісовтің, ал,  Красная көшесіне бұрынғы Көкшетау облыстық сотының алғашқы төрағасы Әлімжан Баймұқановтың есімдерін беру туралы мәселе қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. 
Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі  қаралған мәселелерге жеке-жеке тоқтала келе, алдағы уақытта мемлекеттік сатып алуларды бір қолдан жүзеге асыратын басқарманың құрылатындығын хабарлады. Сонымен бірге, аудан әкімдерінің өңірлерге инвесторлар тартуға селқос қарайтындығына қынжылыс білдірді және  азық-түлік тауарларына бағаны қатаң қадағалауды тапсырды. Есіл ауданының Калачи селосындағы жағдайға қатысты да түсініктеме бере кетті.
Сессия қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар