Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Олқылықтардың беті ашылып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Олқылықтардың беті ашылып отыр

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен облыстық тексеру комиссиясы бірлесіп өткізген кеңесте 2012-2014 жылдары Зеренді ауданында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу жайы, сондай-ақ, аудандық мәслихат шешімдері мен бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің орындалуы туралы мәселелер қаралды.

Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Мереке Мұстафин ашып, жүргізген шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Ғайса, облыстық тексеру комиссиясының мүшелері, Зеренді аудандық әкімдігінің бөлім басшылары мен бас мамандары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жетекшілері мен бухгалтерлері қатысты. Осы ауданда жүргізілген тексеріс қорытындысы жөнінде облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Динара Алтаева хабарлама жасады. Он екі мекеме мен бес кәсіпорын қамтылған. Тексеріс барысында ауданды дамыту бағдарламасының кейбір бағыттары көңіл көншітпейтіні анықталған.  Өңірде өзекті мәселелерді шешу кенжелеп,  мәдениет, байланыс пен коммуникация, жер қатынастары, мемлекеттік қызмет салалары бағыттарының проблемалары қамтылмаған. Осының салдарынан ауданды дамыту бағдарламасында белгіленген мақсатты индикаторлармен өзара байланыстың жоқтығы орын алған. Сондай-ақ, бағдарламаның шешуші индикаторлары нәтиженің санмен өлшенетін көрсеткішінсіз бекітілген. Мәселен, екінші бағыттың шешуші индикаторлары ауданның білім саласында жете ескерілмегендіктен, есеп беру қорытындысы бойынша қандай нәтижеге қол жеткізілгені көрсетілмеген.
 Жергілікті атқарушы орган бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шараның жоспары жасалып, бекітілуінің айлық мерзімін сақтамапты. 2012 жылы атаулы бағдарламаны жүзеге асыру барысында бірқатар мақсатты индикаторлар орындалмай, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешені мен туризм индус-триясын құру, ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, жергілікті тұрғындардың денсаулығын жақсарту, білімнің тартымдылығы мен қолжетімділігін, сапасын жақсарту, тұрғын үй құрылысын дамыту, ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысы, өңірдің экологиялық жүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау, аудан әкімдігінің тиімді әрі нәтижелі жұмысын арттыру қамтамасыз етілмеген. Мақсатты индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбеудің себептері қаржының жоқтығымен байланыстырылады. Бұдан бюджетті жоспарлау кезінде бағдарламаны жүзеге асыру қарастырылмаған деген қорытынды шығаруға болады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен атқарушылар бағдарламада қарастырылған көрсеткіштердің орындалуы жөніндегі өз есептерін бұрмалаған.
  2013 жылғы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі есеп дұрыс болмай шықты. Мұнда бірқатар мақсаттар, мақсатты индикаторлар, бағдарламада қарастырылған нәтиже көрсеткіштері жоқ. Соның салдарынан тұрғын үй, әлеуметтік сала мен ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілмеді. Сондай-ақ, осы жылы Зеренді селосындағы 300 орындық мектеп-интернат құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалмады. Осы орайда, Елбасының Жарлығына сәйкес өңірді дамыту және оны жүзеге асыру жоспарының бағдарламасына түзету енгізу қажет. Зеренді ауданында жоспарлау мен бюджетті орындаудың сапасы өзге аудандардан  төмен болып отыр. 2012-2013 жылдары жоспар болжамы 381223,6 мың теңгеге төмендетілгені, бірқатар түсім түрі бойынша 176179,8 мың теңгеге арттырылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, аудан бюджетін нақтылау кезінде түсімдерге негізсіз түзетулер жасалатын көрінеді. Мұндай келеңсіздік 2012-2013 жылдары жер мен материалдық емес активтерді сату кезінде орын алған.
Бюджеттің шығыс бөлігін жоспарлау сапасының төмендігі жергілікті өкілетті орган болып табылатын ауданның экономика және қаржы бөлімі жұмысының әлсіздігіне тікелей байланысты болып отыр. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінім берген бірқатар тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша шығыстар сомасының аралығында ауытқуларға жол беріледі. Мұндай келеңсіз жағдайлар аудандық білім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінде жиі кездеседі. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс бөлімдері сияқты бірқатар аудандық әкімшіліктердің бюджеттік өтінімдері болмаса да атаулы бөлімдерге бөлінетін қаржы аудандық бюджеттің шығыс бөлігіне енгізілген. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеуде де заң бұзушылыққа жол берілген.
Осындай себептен, 25567,5 мың теңге республикалық немесе жергілікті бюджетке енгізілмеген. Бюджет қаржысына кері әсер еткен мұндай фактілер жетерлік. Мәселен, 2012-2013 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Зеренді және Қанай би атындағы ауыл округтері әкімдерінің аппараттары, дене тәрбиесі және спорт, құрылыс бөлімдері бухгалтерлік есептерін ұсынбаған. Аудандық білім бөлімінде, «Арайлы», «Балауса», «Айгөлек» бала бақшалары мен Мәдениет үйіндегі қызметкерлерге артық еңбекақы төленгені анықталды. Сондай-ақ, білім саласында еңбек ететін кейбір басшылар мен мамандардың жоғары білімі болмай шықты. Мәселен, аудандық білім бөліміне қарасты «Айгөлек» бала бақшасында тәрбиеші болып еңбек ететін А.Бұршақбайдың, А.Мұқажанова мен Т. Қаһарманның арнайы білімдері болмаған. Ал, оларға бюджет тарапынан негізсіз еңбекақы төленген. Сонымен қатар, аталған бала бақшалар аудандық білім бөлімінің жолдамасынсыз-ақ балалар қабылдайтын көрінеді. Ал, бұл сыбайлас жемқорлықтың тікелей жолы екені белгілі. Сондай-ақ, бұл бала бақшаларда бүлдіршіндер дұрыс тамақтандырылмайтын көрінеді.
Күрделі құрылыс ағымдағы жөндеу жұмыстары ретінде жүргізілген. Мәселен, Ақан ауылындағы электр тарату желісі жобалық -сметалық құжатынсыз орнатылған. Шағалалы ауылының «Балдырған» бала бақшасына жүргізілген күрделі жөндеудің сапасы сын көтерерліктей емес. Аудандық әкімдіктің сатып алған жеңіл автокөліктерінің өзге мекеме мен облыстық салық департаментінің балансында тұруы заңға қайшы келеді. Коммуналдық мүлікті пайдалануда бақылау жоқ. Қонысбай
ауылында орналасқан үлкен жатақхана ешқандай тендерсіз «Имсталькон-Теміртау» серіктестігіне жалға ұсынылған. Өкілетті және мемлекеттік басқару органдарының әлсіз бақылауы «Зеренді-Сервис» МКК жарғысыз қызметпен айналысуына мүмкіндік бергендіктен, негізсіз шығынға жол берілді. Бірқатар бухгалтерлер өз есептерін бұрмалап, қаржы тәртібін өрескел бұзып отыр. Сөйтіп, тексеріс кезінде 2701367 мың теңгенің заң бұзушылығы анықталыпты. Тексеріс нәтижесі бойынша бақылау нысандарының лауазымды тұлғаларына қатысты 11 әкімшілік іс толтырылып, бірқатар материалдар облыстық прокуратураға, облыстық қаржы бақылау инспекциясы, облыстық
ГАСКиЛ мен  салық департаменттеріне жолданыпты.
  Шара соңында Зеренді аудандық білім бөлімінің басшысы Жанкелді Уәйісов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Төлегенов пен аудан әкімі аппаратының басшысы Алмат Балтағарин өз жұмыстарына есеп берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар