Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді мемлекетіміздің ең басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында аталып өтілгендей, егемендік, ұлтаралық татулық, қоғамдағы түсіністік пен тұрақтылық еліміздің басты құндылықтары болып табылады.  Осы баға жетпес байлығымыздың арқасында біз талай биіктерді бағындырдық, экономикамызды нығайтып, табыстарымызды еселей түстік.
Екі онжылдықтан сәл ғана артық мерзім ішінде  біз мықты мемлекет,  жаңа экономика мен  біртұтас қоғам құра білдік. Қазақстан тәуелсіздігінің  үшінші онжылдығында өз алдына ұзақмерзімді дамудың басты векторын айқындайтын биік мақсаттарды қойып отыр. Мемлекетіміздің іргесін қалаған Президентіміздің асқан  парасаттылығы мен алысты бағдарлай алатын көрегенділігі  бізді осындай табыстарға жетеледі. Бұл жетістіктеріміз әлеуметтік дамудың сан саласында орын алып отыр. Экономикамызды  шикізатқа тәуелділіктен толығымен арылту мақсатында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы іске асырылуда.  Мұндай игі қадам талай жаңа зауыт пен фабрикалардың ашылуына, онда отандық өнімнің сан түрін өндіруге мүмкіндік берді. 
Жыл сайын бізде жаңа оқу орындары, ауруханалар мен бала бақшалар салынуда. Оқып-тоқыған жастар елді мекендерге оралып, ауылдарды көркейтуге атсалысуда. Тиісінше оларға да қажетті жағдайлардың барлығы жасалып жатыр.  Бүгінгі таңда еркіндік, табыс пен жеңіс рухын бойына сіңірген жаңа ұрпақ өсіп келеді. Олар өздерінің шығармашылық пен зияткерлік тұрығысындағы табыстары, игі істері арқылы  біздің облысымыз бен Қазақстанды баршаға әйгілеп жүр. Құрметті ақмолалықтар, сіздерді осы ұлық мерекемен құттықтай отыра,  өздеріңізге  зор денсаулық, бақыт пен береке, мол табыс және республикамыздың игілігі жолында кәсіби  жетістіктер тілегім келеді.

Қадірлі ақмолалықтар!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Сіздерді ең бір қасиетті де ардақты, қастерлі мейраммен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа дәуірі осы күннен, осы бір тарихи сәттен  бастау алады. Өткен 23 жыл ішінде Қазақстан мемлекеттілігі нығайып, күллі әлем таныды. Аз уақытта жеткен жетістіктеріміз, табыстарымыз дүниежүзіне мәшһүр болды.
Бүгінгі мереке – шын мәніндегі азаттық пен еркіндіктің мейрамы. Тарих үшін қас-қағым сәт болып есептелетін аз ғана жылдар ішінде бір мақсатқа жұмылған, ұйымшылдығы берік, ынтымағы жоғары Қазақстан халқы демократиялық, құқықтық және экономикалық тұрғыдан тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен даналығының арқасында кең көлемді саяси және экономикалық жаңғыртулар жүзеге асты. Бүгін біз еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде тұғырын бекітіп, атақ-даңқы күллі әлемге мәшһүр болғандығын ерекше мақтанышпен айта аламыз. Құрметті жерлестер! Сіздердің отбастарыңызға амандық, әрқайсыңызға мықты денсаулық тілеймін. Елімізде бейбітшілік пен татулық болсын. Тәуелсіз Қазақстан – біздің Отанымыз гүлдене берсін.
Нина ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Құрметті ақмолалықтар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма үш жылдық мерекесімен құттықтаймыз. Бұл мереке барлық қазақстандықтар үшін қасиетті болып саналады. Қазақстанның барша халқы үшін  тәуелсіздіктің бергені өте мол деп санаймыз. Біз өз Отанымыз үшін шынайы мақтанамыз. 
Өз тәуелсіздігінің жиырма үш жылында Қазақстан әлемдік дамудың биік деңгейіне көтерілді. Қазақ елі бұл биікке Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың стратегиялық бағытын, ішкі және сыртқы саясатты көрегендікпен анықтап, барша қазақстандықтарды бір мақсат, бір ниетке жұмылдыра білген кемел ақыл ойы мен парасаттылығының нәтижесінде көтеріле алдық. Осы бір тарихи ақиқатты  дүние жүзі мойындап отыр.
Бұл күндері көп ұлтты Қазақстан халқы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының терең тарихи мәнін түсіне отырып, оны қызу қолдап, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға белсене кірісіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға, индустрияландыру бағытындағы жобаларды ойдағыдай жүзеге асыруға ұйымшылдықпен жұмылып, жақсы табыстарға қол жетуде. Еліміздің бірлігі мен ынтымағын,  қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға қызмет жасау біздің әрқайсымыздың абыройлы борышымыз болып саналады. Тәуелсіз еліміздің өсіп, өркендеуі мен нығаюына зор үлес қосып келе жатқан  барша ақмолалықтарды мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге  зор денсаулық, отбасының аманшылығын, еліміздің тыныштығын тілейміз.
      Рәшит ӘКІМОВ,
      Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
     Қазақстан Республикасы Парламенті
     Сенатының депутаттары.

Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды еліміз үшін аса қастерлі мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күннің әрбір қазақстандық үшін маңызы ерекше. Тәуелсіздік күні – ұлттық бірліктің және елдің, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің нышаны.
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген де сарабдал саясатының арқасында «Қазақстан» атты алып кеме барша әлемге танылып, Батыс пен Шығыстың арасын жалғастыратын руханият пен өркениеттің алтын көпіріне айналды. Халықтың бірлігін сақтап, Отанымызда ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайта түсу – біздің басты міндетіміз.
Құрметті ақмолалықтар! Дана халқымызда «Бүтін болса, ел жақсы» деген асыл сөз бар. Олай болса, біз бұдан әрі қарай да баршамыз бірлесіп, татулықтан, достықтан ажырамай, әрбір іске жұмыла кірісеміз деген сенімдеміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын, Қазақстан жасай берсін!

«Нұр Отан» партиясы
Ақмола облыстық филиалының
Саяси кеңесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар