Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкейде ауылдың жағдайы жүреді - АРҚА АЖАРЫ

Көкейде ауылдың жағдайы жүреді

Ұлт Көшбасшысының әсіресе, Тәуелсіздік туралы тебірене жеткізген ой-толғамдары өзгеше әсерге бөледі. Осы тұрғыдағы әр сөзі жан дүниемізді баурап, тұла бойымызды тебірентіп өтті десе болады.

Расында да, бүгінгі қол жеткен әр жетістігіміз осы тәуелсіздігіміздің арқасы ғой. Менің де өз алдыма шаруа қожалығын құрып, ел ырыздығы – алтын дән өсіріп, ауданымыздың экономикасына азды-көпті үлесімді қосып жүргенім баға жетпес осы құндылығымыздың шарапаты.
Өз басым үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні басқа мерекелерге қарағанда, ерекше болып саналады. Себебі, ата- бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігі жолында талай боздақтарымыздың қыршын жандары қиылды. Олардың қасық қанымен келген еліміздің Ұлық мерекесін қастерлеуіміз керек деп санаймын. Бұдан 23 жыл бұрын еліміздің алтын әріппен жазылған тәуелсіздік алған күнінен бастап, еліміз талай қиындықты артта қалдырып, еліміз еңсесін нық көтеріп, талай жетістіктерге жетіп, айбыны асқақтап келеді. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған берекелі бейбіт еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздігімізді   тәуетіп, 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Жыл сайын жаңа өндіріс орындары көптеп  ашылып, заманауи технологиямен өндірілген өнімдердің алды шет елдерге экспортталып жатқаны еліміздің экономикасының тұрақтағанын, одан әрі дамып келе жатқандығының жарқын дәлелі.
Елбасының бастамасымен өміршең, маңызды бағдарламалар қабылданып, «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Сыбаға», «Дипломмен – ауылға» бағдарламаларының шеңберінде қарқынды еңбек етудің нәтижесінде өңіріміз өркендей түсуде. Ауданда жыл сайын егіс алқабы кеңейіп, астық молая түсуде. Шаруа қожалықтарында мал басы ұлғайып, асыл тұқымды ірі қара өсіруге келелі бетбұрыс жасалуда. 
Ауыл – қазақ рухының, дәстүрлі шаруашылығының алтын бесігі. Ендеше, ауылды түлетуді, ауыл шаруашылығын өркендетуді өнген халқымыз бен өскен Отанымызды түлету деп түсінген жөн.  Ауыл  шаруашылығының алдында тұрған еңселі міндеттерге   «Тіней» шаруа қожалығы да лайықты   үлесін қосады деген ойдамын. 

Сәруар БОЛДАНОВ,
«Тіней» шаруа қожалығының басшысы.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар