Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кемел биігімізге жалғасар жол - АРҚА АЖАРЫ

Кемел биігімізге жалғасар жол

Әлемдегі соңғы қым-қуыт оқиғалар ХХI ғасырдың бірінші ширегінде монополярлы, бір полюсті дүниенің артта қалғандығын айқын көрсетті. Елбасымыз осы қалыптасып келе жатқан жаңа әлемдік  архитектурада  Қазақстан өз орнын алуға тиісті деген көзқарасты ұстанады. Түрлі интеграциялық құрылымдар  еліміздің саяси тәуелсіздігіне, дербестігіне зиян келтірмеуге тиісті.

Дегенмен, соңғы уақытта Қазақстанның оларға мүше болуының біздің ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздігімізді нығайту үшін жасалып жатқан қадамдар екендігі күн өткен сайын айқындала түсуде.
Бүгінгі күндері бір кездері жаһандану идеясы халықаралық аренада сәнге айналса, ендігі уақытта локолизация үдерістері байқалуда деп танымал саясаттанушылар жаза бастады. Міне, осындай қым-қуыт жағдайда Қазақ елінің дербестігі мен тәуелсіздігін баянды етудің, оның мәңгілігін ұлттық-мемлекеттік идеяға айналдырудың кезі келгендігін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясында нақты көтерген болса, жуырда қабылданған «Нұрлы жол» бағдарламасы сол стратегиялық мақсаттарға жету жолындағы іске асырылуға тиісті  таяу міндеттерді айқындап берді.
Соңғы кездердегі геосаясаттағы өзгерістер ешкімді де бейжай қалдырмағаны шындық. Қазақ халқы мен қазақстандықтардың ынтымақ-бірлігіне біреулер ислам, христиан тағы да басқа діндердің атын жамылып, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың ұлттық-менталдық мәдени бірегейлігін талқандап жіберуге ұмтылса, енді біреулері Қазақ елінің тәуелсіз мемлекеті мен аумақтық тұтастығына қауіп төндіретін мәселелерді көтергісі келеді. Екі нұсқа да Қазақстанда зор саяси күш-жігер жұмсалып, ширек ғасыр ішінде қалыптастырылған ұлтаралық, дінаралық тұрақтылықты шайқалтатын қауіпті тенденциялар болып табылады. Сирия мен Ирактағы, Украинадағы оқиғалардан барша қазақстандықтар дұрыс сабақ алуға тиісті.  Ұлт Көшбасшысы осы бағыттардағы ішкі бірлік саясатын жандандыруды түрлі қоғамдық, этно-мәдени бірлестіктердің алдында зор міндет етіп қойды. Бұл ретте, Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарар рөлі орасан. Ақпараттық қауіпсіздік проблемасының қазақстандық журналистердің азаматтық-саяси жауапкершіліктерін арттырып отырғаны тағы бар.
Замана желі мен дауылына тамыры терең бәйтеректер ғана төтеп береді. Осы ретте, өткен тарихымыздың алар орны ерекше. Бір елдерде тарих пен әдебиет деген пәндер сол халықты ұлы ұлт, мемлекет етіп отырған ең басты рухани алтын қазық саналады. Біз болсақ, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары нарықтық экономика құрамыз, таза дін исламға ораламыз деп жүріп, өзіміздің осы күнге дейінгі тарихи-мәдени бай болмысымыздан ажырап қала жаздадық. Өткен тарихымыз, бабаларымыздың әлемдік, өңірлік ауқымда атқарған саяси-рухани бағыттағы істері мен аманаттары туралы аз айтылып келді. Қауырт урбанизациялану кезеңінде қазақтардың белгілі бір бөлігінің дәстүр мен мәдениеттен сырт қалуы, қазақтың өткеніне нигилистік көзқарастардың өрістеуі бүгінгі зиялы қауымды ойландыратын бас-
ты мәселеге айналды.
Өзім де кеңестік дәуірде туып-өскен ұрпақтың өкілімін және орыстандыру саясаты белсенді түрде жүргізілген солтүстік өңірдің, тумасымын. Әйткенмен мені Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келіп, ержеткен балаларым мен немерелерімнің бойында ұлттық құндылық ұстанымдарының неге әлсіз, рухтың неге қожыраңқы екендігі қатты мазалайды. Президент халқы тығыз орналасқан оңтүстік өлкеде үш ауысымдағы мектептерді жою міндеттерін  «Нұрлы жол» бағдарламасында  алға қойған болатын. Ал, біздің, солтүстіктің проблемасы − аралас мектептер. Әлемдік деңгейдегі мектептермен тым әуестеніп, халықтық мектептерді, оның ішінде,  қазақ халқының ұлттық-мәдени, азаматтық дәстүрлерін ұстанатын мектептер ашу ісі бізде дұрыс жолға қойылмаған. Осы орайда, тәуелсіздігімізді тұғырландыру дегеніміздің шындығында  тарихымызды, ұлттық-мәдени дәстүрлерімізді біздің артымыздан келе жатқан ұрпақ санасында жаңғыртып, тамырландыруға тікелей тәуелді екендігін ұмытпағанымыз ләзім.
Қазақ елі − ерте заманғы Ғұн империясы мен орта ғасырлардағы  Түркі қағанатының, Қыпшақ хандығы мен  кешегі алтын баулы Алтын Орданың, 1370 жылдары Алтын Ордаға тура билігін жүргізген Ақ Орданың тікелей мұрагері. Ұрыс хан кезінде дәуірлеген айбынды Ақ Орданың Қазақ мемлекеттілігі  тарихы үшін маңызы зор. Қазақ руларының бірыңғай Қазақ одағына бірігуі, халық ретінде саяси сахнаға шығуы осы кезден бастау алады. Жошы әулетінен шыққан Ұрыс хан – қазақ хандары әулетінің негіздеушісі. Сан ғасыр өтсе де, оның мазарының қазіргі кезге дейін сақталуының бір сыры осында жатса керек. Әйтпесе, бүгінгі күнге дейін Ұлы жаулаушының бірде-бір баласының мазарын басқа бір елден таба алмайсыз. Ондай ешқайда  жоқ. Бұған басты себеп − Жошы хан орныққан елге келіп билеуші болды, ол билеуші ретінде осы елдің мүддесін қорғады. Сондықтан да, бұл елге оның өзі де, ұрпағы да әбден орнығып қалған сыңайлы. Тұңғыш қазақ ханы Керей  Ұрыс ханның үлкен ұлы Тоқтақиядан тараса, Жәнібек хан Ұрыс ханның кіші үрім-бұтағынан шыққан. Жәнібек ханның әкесі − Ақ Орданың соңғы ұлы билеушісі Барақ хан. Ол 1428 жылы Ордада басталған бүліншілік соғыста қазаға ұшырағаннан кейін ондағы билік Шейбанилер әулетінің өкілі Әбілқайыр ханның қолына өтті. Әбілқайыр хан өзінен атақ-даңқы асқан, Жошы негізін салған  мемлекеттердегі саяси-ел басқарушылық дәстүр бойынша Ордаға заңды хан болуға тиісті Ұрыс хан ұрпақтары Керей мен Жәнібекті өршелене қудалап отырды. Оларды 1446 жылдар шамасында Сыр бойындағы мұралық қала иеліктерінен айырды. Әуелден Ұрыс хан әулетіне арқа сүйеп келген қазақ руларының көпшілігі Әбілқайыр хандығындағы ішкі тартыста әулеттің заңды мұрагерлері Керей мен Жәнібекті қолдап, Сыр мен Сарыарқадан Шу мен Таласқа үдере көшкен уақыт Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашидиі» дерегі бойынша 1455-1456 жылдарға сәйкес келеді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілқайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер  «қазақтар» деп атады. «Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465-1466)  билей бастады…». Алаша хан, Жошы хан мазар-кесенелері орналасқан Ұлытау исі қазақ баласы, алаш жұрты үшін қасиетті мекен. Себебі, осында Жошы Шыңғысұлы жаңа  Ұлы мемлекеттің негізін қалады, одан бергі хандардың көпшілігі осында хан тағына отырғызылды. Жоңғар-қалмақ, цин және қоқан шапқыншылықтарына қарсы күрестерді асқан ерлікпен жүргізіп қазақ елін тұрақтандырған, алты алаштың айбыны атанған Абылайдың, оның немересі Жошы әулетінің ең соңғы өкілі Кенесарының да осы жерде 1841 жылы үш жүзге хан сайланып, ақ киізге  көтерілгені де тарихи факт.
Тәуелсіздік жылдары әсіресе, көп талқыға түсіп жүрген мәселелердің бірі − ол қазақ халқының діни-менталдық болмысы. Қазақ жеріне дін исламның келгеніне 1200 жылдай уақыт өтсе де, барлық қазақ хандары өздерін мұсылман елінің билеушілері ретінде санап, мұсылманша ныпсы есімдері болғанына қарамастан, әртүрлі тарихи негізі жоқ пікірлер халық арасында көп жүргені жасырын емес. Ақиқатына келгенде, қазіргі дін тарихын танушы мамандардың пікіріне сүйенер болсақ, мына мәселені баса айтуға тура келеді. Ол − қазақ мемлекетіне тек исламның ханафи бағытын қабылдаған түркі-қыпшақ, басқа да рулардың енуі. Қасым ханның қасқа жолында, Есім ханның ескі жолында, Тәукенің «Жеті жарғысында» шариғат нормаларының кіргізілуі  ислам дінінің сол кезеңдегі қазақ қоғамына орныққанының айғағы емей немене? Түркістан қаласының қазақ хандығының саяси ғана емес, діни-рухани орталығына айналуы біздің басқа емес, мұсылман елі болғандығымыздың дәлелі дер едік. Әрине, ислам дінінің далалықтар арасында кең таралуында сопылық тарихаттардың рөлі күшті болғандығы да ақиқат. Қазақтың ұлы ханы Абылайды бұрынғы дәстүр бойынша Ұлытауда ғана емес, Әзірет Сұлтан іргесінде хан көтеру – оның мұсылман қазақ халқының елі билеушісі екендігін көрсететін оқиға. Осы турасында Абылай ханның Ресей императрицасына жазған хаты да  бар екені мәлім. Әрбірдесін жоңғар-қалмақ соғысын бас-
тау үшін Жоңғар қоңтайшысы қазақтардың ислам дінінен бас тартып, будда дінін қабылдамағанын айта кетуіміз қажет. Жоғарыдағыдай әртүрлі пікірлердің пайда болуы ол тарих оқулықтарында әлі де болса, біздің төл тарихымыздың осындай мәдени-рухани қырларының кең көлемде көрініс таба алмай отырғандығының салдары дер едім.
Халқымыз тарихында жазба тарихи дәстүрмен қатар ауызша тарих, шежірелі тарих, баяндау дәстүрі жуыр араға дейін  бірге жасасып келді. Ол бойынша белгілі американдық тарихшы Марта Олкот қазақтың тұңғыш ханы Алаша ханның Алаш идеясының кезінде қазақтың ұлттық идеясына айналғандығын ерекше атап өтеді. Расында да, Алаш баласының бірлігі  идеясы ХХ ғасыр басында Қазақ мемлекетінің шаңырағын қайта көтермекші болған Алаш қайраткерлерінің ұраны болды емес пе? Қазақтардың Ресей, Қытай сияқты алып империялардың шылауына түскен уақытының біздің тарихымыздағы ең бір қасіретті, ең бір қатерлі өткел болғаны, сол өткелден халқымыздың жартысынан азы ғана өтіп, бірсыпырасы сыртта қалғандығы, іште қалғанымыздың тарихи жады мен ділден, дәстүрлі діннен ажырап қала жаздағанымыз белгілі.
Желтоқсан − қазақ үшін ең алдымен, Тәуелсіздігіміз үшін құрбан болған азамат ұл-қыздарымызды еске алатын күн. Желтоқсан − тоталитаризмнің құрсауында тұншыққан еліміздің қайта ояну күндері. 1991 жылы талмаурап жеткен тәуелсіздігіміз қаншама миллиондаған адамдарды қырғынға ұшыратқан саяси тәртіптің құлауынан кейін ғана мүмкін болды. Қазақ елі әлемнің саяси картасына қайта оралды. Бір сөзбен тұжырымдап айтар болсақ, Қазақстан
Республикасы − бір жарым ғасыр бойына үзіліп қалған елдігіміздің, жаңа замандағы қазақ мемлекеттілігінің заңды, тарихи жалғасы. Бұл − осыншама қасірет пен қайғы шеккен қазақ баласының маңдайына біткен бақыты. Оны сақтау, нығайту, көздің қарашығындай қорғау Елбасымыз айтқандай, әр қазақстандықтың қасиетті міндеті. Бүгінде Сарыарқа төрінен орын  тепкен Астанамызда Президент сарайының Ақ Орда, Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің  Хазрет Сұлтан
аталуында  да үлкен мән, тарихи негіздер жатыр.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев өзінің Ұлытауға барған сапарында: «Мына тұрған қайыңдар, мынау жер сонау Жошы ханның да, Алаша ханның да, Тоқтамыстың да, Едіге батырдың да – бәрінің көзін көрген шығар. Мінекей, дүние деген осылай ылғи тұра береді. Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Бірақ ата-бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді. Осындай әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мәңгілік Елдің жолы!», − деп толғанған еді. Әйткенмен, ұлылардың мұрагер ізбасары болу оңай шаруа емес, Қазақ елі қатардағы әншейін бір ел де емес. Ол – әлемдік
геосаяси аренада алатын орны ерекше ел.  Бүгінгі таңда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев  
осындай тарихы тағылымды мемлекетімізді кемел келешекке қарай бастап келеді. Ендеше, жарқын болашаққа бет алған көшіміз көрікті, ал, тәуелсіздігіміз баянды болғай.

Ғалымтай ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,
әлеуметтік ғылымдар магистрі,
Шоқан Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, облыстық конфессияаралық қатынастарды
дамыту және  талдау орталығының маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар