Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде Тәуелсіздік күні құрметіне қоғамдық өмірде және еңбекте қол жеткізген елеулі жетістіктері үшін бір топ ақмолалықтар облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, облыстық басқармалар, департаменттер мен ведомстволардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан кеңесте облыс әкімі Сергей Кулагин алдымен жиналған қауымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бүгінгі күнге дейін терең ұғыныстықпен жұмыс істеп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайтуға айтарлықтай үлес қоса алған командасына ризашылығын білдірді және алдағы уақытта да осылайша жұмыла еңбек етуге шақырды.
Облыс әкімі аппаратының басшысы Бақыт Есімова облыс әкімінің өкімін оқып берген соң, марапаттау рәсіміне кезек берілді. Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің құрметіне орай облыс әкімі аппараты бөлімінің басшысы Гүләйім Әбдірахманова, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы Дария Әбілмәжінова, облыс әкімі аппаратының бас маманы Алтын Ахметова, облыстық қаржы басқармасының бөлім басшысы Темірхан Дарбаев, облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Сәуле Ыбыраева, «Көкшетау» мәдениет сарайының инженер-дыбыс режиссері Владимир Владимиров, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Елена Дмитриенко, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, С.Сәдуақасов атындағы институттың профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Тоқтар Есенеев, гуманитарлық-техникалық академия президентінің кеңесшісі, профессор, экономика ғылымдарының докторы Бақыт Жүнісов, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Айнагүл Жанәділова, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Руслан Мусинов, облыстық аурухана гематологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Людмила Нефедова және Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Арман Сейітов облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Облыс әкімі Сергей Кулагин награда иелеріне алдағы уақытта да жемісті еңбек, зор денсаулық пен мол бақыт тіледі.
Өңір басшысы аппарат кеңесін қорытындылай келе, сала басшыларына мереке күндері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.