Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Татулық алға бастайды - АРҚА АЖАРЫ

Татулық алға бастайды

Егемендік бізге бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауын сыйлады. Елімізді былай қойғанда, бүгінде біздің өңірімізді жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілі мекен етіп отыр.

Олардың барлығының да ата-бабадан сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өз тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтауларына еш шектеу жоқ бізде. Содан да болар, қолда бар мұраларын сақтап, дамытуға ынталылар саны күн санап артуда. Оны біз өңірдегі ұлттық орталықтар санының көбеюінен де байқай аламыз. Мәселен, облыста қазір қырық жеті этно-мәдени бірлестік қызмет етіп жатыр.
Біз, поляктар да ұлттар татулығының ғажап зертханасына айналған Қазақстан сияқты берекелі елде күн кешіп жатқандығымызды мақтан тұтамыз. Кезінде жер аударылып, қудаланып келген талай ұлыстың баласына пана болған бұл қасиетті мекен, басына күн туған бабаларымызға қорған болған осы топырақ біз үшін аса қымбат. Сондықтан да, бұл мемлекеттің тең құқылы азаматы, патриоты ретінде біз  оның ары қарай да өсіп-өркендеуіне үлес қосуға мүдделіміз. Себебі, оның дамуы біздің ертеңгі ұрпағымыздың кемел келешегі үшін қажет.
Жаһандағы асқынған геосаяси жағдай бізді де ойландырмай қойған жоқ. Кеше ғана бауыр-
лас, көршілес болған елдердің бір-бірімен бітіспес жауға айналуы  әркімді де толғандырады. Бірақ, мен әлемдік саясат сахнасындағы осы бір құбылыстардың біздің біріге, тұтаса түсуімізге үлкен әсері бар деп ойлаймын. Себебі, өзгенің қателігінен сабақ алған ел ешқашан ұтылмайды.  Ендеше, біз де осы елдің экономикалық өсімі мен өркендеуіне жол ашатын бейбітшілік пен келісімнің туын берік ұстауды мұрат етіп отырмыз.

Александр СУХОВЕЦКИЙ,
«Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар