Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екі жаққа да жайлы болды - АРҚА АЖАРЫ

Екі жаққа да жайлы болды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров Тәуелсіздік күніне орай өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесін аралап көрді.

Бұл жолы әдеттегідей далада емес, жеңіл атлеттер манежінде өткізілген  жәрмеңкенің тиімділігі бірден байқалды. Қыстың көзі–қырауда өнім әкелушілер мен келіп-кетушілер далада тоңып-жаурамай, сауданы жылы жерде қыздырғандары көпшіліктің көңіл-күйін де көтеріп, жәрмеңкеде қалаған өнімдерін емін-еркін, асықпай сатуларына және сатып алуларына мүмкіндік берді. Содан болар, жәрмеңке түстен кейін де жалғасты.
Оның үстіне  Көкшетау қаласы мен аудандардың көркемөнерпаздары өздерінің өнерлерімен мерекелік шараның сәнін келтірді. Халыққа бұл жолы Бұланды, Бурабай, Еңбекшілдер және Сандықтау аудандарындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің және облыс орталығындағы өңдеуші кәсіпорындардың өнімдері ұсынылды. Сөйтіп, 32 тонна ет және шұжық, 8,5 тонна сүт өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылды. Жәрмеңкеге ерте келген қала тұрғындары осылайша жылқы етінің әр келісін  1100 теңгеден, ірі қара мал мен қой етін 850-900 теңгеден сатып алды. Сондай-ақ, жәрмеңкеде 13 тонна ұн және нан өнімдері, 11 тонна картоп, 7,8 тонна көкөніс, кондитерлік өнімдер мен  бал, жұмыртқа, құс еті мен балық және әртүрлі өсімдік майлары тұтынушыларға қазіргі қалыптасқан бағадан әжептәуір арзанға түсті.
Бурабай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімін басшысының міндетін атқарушы Нариман Төлепов, Бұланды ауданы Даниловка ауылдық округінің әкімі Ғабит Шәрімов, Еңбекшілдер ауданы Бірсуат ауылдық округінің бас маманы Зәуреш Әлжанова өз сөздерінде әр түрлі азық-түлік тағамдарын тез арада сатып, қала тұрғындарының алғысына бөленгендерін жеткізді. Сондай-ақ, Сандықтау ауданының омарташысы Сергей Казанковтың балы, Людмила Сахнованың ірі қара мал еті мен сүт өнімдері, Еңбекшілдер ауданы Краснофлот селолық округінің мал дәрігері Марат Тұрлыбаевтың 42-45 келі тартатын қазақи қойлары да өз тұтынушыларын тез арада тапты.
Қала тұрғындары Мәлғаждар Қабиденов, Киікбай Есмағұлұлы, Мейрамбек Дүйсенбаев, Алмагүл Манапова, Айман Жұмабаева,
Шолпан Қасымова, тағы басқалары мереке алдында осындай жәрмеңкенің  өткізілгеніне және оның жылы орында ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдірді.   Тұтынушылар  өздерінің осы жылы лебіздерін жәрмеңкені аралап көрген облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровқа да жеткізіп жатты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар